Жетісу облысы “Тіл” оқу-әдістемелік орталығының Алакөл аудандық филиалы 26 тамыз күні аудан көлемінде Қазтест жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өткізді

Жарияланған күні: 27 тамыз 2025

Тестке мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, әскери бөлім қызметкерлері, аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары және ҚазТрансОйл қызметкерлері,жеке тұлғалар қатысты.

Сынақ тыңдалым, оқылым, лексика-грамматикалық құрылым, жазылым және айтылым бағыттары бойынша жүргізілді.

Қазтест – мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын бірегей жүйе. Ол азаматтардың тілдік құзыретін бағалап, тілді кәсіби ортада дұрыс әрі сауатты қолдануға бағыт береді. Бұл — тіл саясатын жүзеге асырудағы маңызды қадам.