«АруАна» республикалық үздік әйелдер жобаларына конкурс жарияланды

«АруАна» республикалық үздік әйелдер жобаларына конкурс жарияланды

🎯«АруАна» республикалық үздік әйелдер жобалары конкурсы әлеуметтік бағыттағы үздік идеялар мен жобаларды іске асыратын әйел көшбасшыларды қолдауға, біріктіруге және ілгерілетуге бағытталған.

📍Әлеуметтік бағыты бар үздік әйелдер жобаларын іріктеу Қазақстанның барлық өңірінде жүзеге асырылады.

🔆Конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өткізіледі және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған.

💐 Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында салтанатты түрде диплом және ерекшелік белгісін (мүсінше) табыстай отырып өткізіледі.

👤 Облыстық конкурсқа Жетісу облысы аумағында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын әйелдер мен әйелдердің қоғамдық бірлестіктері қатыса алады.

✔️ Өтінімдерді іріктеу конкурстық комиссия жүзеге асырады.

⚡️ Іріктеу қорытындысы бойынша 1 (бір) жеңімпаз жоба Ұлттық комиссияға жіберіледі.

🗓️ Өтінімдерді қабылдау – 2024 жылғы 5-20 ақпан аралығында өткізіледі.

📥 Конкурсқа қатысу үшін тиісті өтінім Талдықорған қаласы, Қонаев көшесі, 47 Жастарға қызмет көрсету орталығы, 203 кабинетінде немесе jastar_otdel@mail.ru электрондық пошта арқылы қабылданады. Анықтама телефоны: +7 708 678 84 34.

Басталу уақыты

05 ақпан 2024

Соңғы күні

20 ақпан 2024

Оқиға түрі

Хабарландыру