2023 жылғы 26 мамыры бір мезгілде Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы өтеді

2023 жылғы 26 мамыры бір мезгілде Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы өтеді

Іс-шара аясында ҚР мемлекеттік органдары өкілдері, заңгерлері мен адвокаттары тұрғындарды қабылдап, тегін заң көмегін көрсетеді.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, мәселелерді шешу және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат мемлекеттік органдар мен еліміздің заңгерлер қауымдастығының үздік өкілдерінен құқықтық саладағы мәселелерді шешуге қажетті көмек ала алады.
Олардың арасында - белгілі адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әділет қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары, салық органдарының, жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасының және басқа да қызметкерлер бар.
Бастапқыда акцияға заңгерлер мен адвокаттар қатысты. Уақыт өте келе оларға әкімдіктердің, прокуратуралардың, әділет департаменттерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері, жеке сот орындаушылары, нотариустар, медиаторлар және басқа да мамандар қосылды.

Дереккөзі:
Zakon.kz

Оқиға күні

26 мамыр 2023

Оқиға түрі

Кездесу