Талдықорған қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына құжат қабылдау басталды


Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары!
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының бірінші кезеңіне қатысу үшін өтінімдер кабылдау басталды. Конкурстың мақсаты – отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыру.
«Мерейлі отбасы» байқауына еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасыларының мүшелері қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін құжаттар (өтінім, конкурстық материалдар) 2023 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында Талдықорған қаласы, Абай көшесі №272, Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінде қабылданады. Байланыс телефондары: 247331
Басталу уақыты
15 мамыр 2023
Соңғы күні
15 маусым 2023
Оқиға түрі
Конкурс