Меню

Страницы

Статья

Тілдерді дамыту және ономастика

Тілдерді дамыту бағыты бойынша.

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстық және жергілікті атқарушы органдардың құжатайналымында (кіріс-шығыс құжаттар) мемлекеттік тілдің қолданылу үлесі 94%, мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 91,5% құрады.

Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асыру және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында 17 млн 664 мың теңге қаржы бөлініп, жоспарға сәйкес 8 іс-шара өткізілді (2-республикалық, 6-облыстық деңгейде өткізілген семинар, конференция, байқау секілді шаралар мен тілдік ахуалға қатысты әлеуметтанулық және талдамалық зерттеу). Іс-шараларға барлығы 4 500-ге (4 470) жуық адам қатысты.

Көрнекі ақпараттардың заңдылығы мен сауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, облыстық телеарнада тікелей эфирде сұхбат берілді, баспа және әлеуметтік желілерде ақпараттық жадынамалар жарияланды. Талдықорған қаласындағы 5 жарнама агенттігімен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ Жетісу облыстық филиалы тарапынан 325 кәсіпкерлік нысанда әдістемелік-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 7 нысанға ескерту түрінде әкімшілік хаттама толтырылды.

Ономастика саласы бойынша.

Жетісу облысының әкімшілік-аумақтақ бірліктер саны – 465 (113 ауылдық округ, 352 елді мекен; 89-ы кісі есімі, 318-і жер-су атауы, 39-ы дәстүрлі атау, 11-і ескірген атау, 8-і орысша атаулар), құрамдас бөліктер саны – 4480 (2990-ы кісі есімімен, 347-сі жер-су атауы, 403-і дәстүрлі атау, қалған 740 көше нөмірленген, идеалогиялық тұрғыдан ескірген атаулар).

ҚР Мемлекеттік кеңесшісінің тапсырмасына сәйкес әзірленген
2024-2025 жылдарға арналған жол картасы негізінде 33 көшеге атау беру жоспарланған. Бүгінгі күнге 29 көше заңдастырылып, 4 көше қаралу сатысында.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының Батырлары мен ҰОС ардагерлерінің есімдерін ұлықтау мақсатында 52 ұсыныс енгізілді. Оның ішінде 25 ұсыныс заңдастырылып, 27-сі қаралуда. Атау беру және қайта атау жұмыстары заңнамалық өзгерістерге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, қоғамдық резонанс тудырмау мәселесі тұрақты бақылауда.

Тілдерді оқыту бағыты бойынша.

2025 жылы тілдерді оқыту орталығына 4 940 тыңдаушы қабылданды (мемлекеттік тіл – 4 084, ағылшын тілі – 856). Тыңдаушылардың 779-ы мемлекеттік, 2 608-і бюджеттік сала қызметкерлері, 1553-і жеке тұлға, оның ішінде 3 415 (69%) – қазақтар, 1 525 (31%) – өзге этнос өкілдері.

Жыл басынан облыстық байқаулар, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, фестивальдер, танымдық сабақтар, әлеуметтік және қайырымдылық акциялары 164 шара ұйымдастырылып, 2 457 адам қамтылды. Облыстың 5 аймағында 900 адам қатысқан диагностикалық Қазтест өткізілді.

Орталықтың әлеуметтік желілерінде «Сіз білесіз бе?» айдары бойынша 433, «Сөздік» айдары бойынша 46, «Сөзтүзер» айдары бойынша 17, «Көнерген сөздер» бойынша 46 бейнеролик (барлығы 542) жарияланды. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы» республикалық байқауында орталық оқытушысы Бас жүлдені иеленді.

Сондай-ақ «Ұлттық диктант» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында 1 560 адам қатысқан диктант жазу шарасы ұйымдастырылды.

Дата публикации
02 апреля 2025
Дата обновления
27 января 2026
Тип

Сейчас читают

02 апреля 2025
Тілдерді дамыту және ономастика
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
21 ноября 2022
Мемлекеттік рәміздер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы