Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану тәртібі:
1) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық заңымен;
2) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 873 Қаулысымен;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 8 маусымдағы №137 бұйрығымен реттеледі.
Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мәселелер Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы қоғамдық мүдделерді қорғау мақсатында жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органның – ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырыстарында қаралады.
Құрамына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, "Атамекен" ҰКП және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретін комиссияның отырыстары тоқсан сайын (министрліктің Facebook парақшасында онлайн-трансляциямен) өткізіледі.
Қорытындысы бойынша ақпарат иелері, оның ішінде мемлекеттік органдар үшін тиісті ұсынымдар әзірленеді.