Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қосымша тіркеліп отырған үкіметтік емес ұйымдар үшін 2026 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
- Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының Ұйымдастыру және бақылау бөлімі осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Тізбені Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етілсін.
- Қоғамдық даму басқармасының жастар және отбасы саясаты бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етілсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары І. Түстікбаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізілсін.