|
№ |
Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік гранттың көлемі |
Мемлекеттік гранттың басым бағыты |
Мәселенің қысқаша сипаттамасы |
Қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Грант түрі |
Мақсатты көрсеткіш |
Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар (ұзақ мерзімді гранттарды жүзеге асыру үшін ғана белгіленген) |
|
1. |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
Жастар арасындағы волонтерлік бастамаларды қолдау |
«Мейірімді Жетісу» фронт-офисінің қызметін ұйымдастыру және Жетісу облысында жастар волонтерлік қозғалысын дамыту |
10 000,0 |
1 қысқа мерзімді грант |
Мақсатты көрсеткіш Жоба аясында Жетісу облысында жастардың жалпы санынан кем дегенде 30%. Күтілетін нәтиже 1) Облыста волонтерлік қызметтің 8 бағыты бойынша кемінде 80 іс-шара өткізу (Birgemiz: ayala бағыты бойынша кемінде 10 іс-шара, Birgemiz: asul mura бағыты бойынша кемінде 10 іс-шара, Birgemiz: Bilim бағыты бойынша кемінде 10 іс-шара, Birgemiz: qamqor бағыты бойынша кемінде 10 іс-шара, Biegemiz: saylyq бағыты бойынша кемінде 10 іс-шара, Birgemiz бағыты бойынша кемінде 10 іс-шара: sabaqtastyq, Birgemiz: taza Alem бағыты бойынша кемінде 10 іс-шара, Birgemiz: umit бағыты бойынша кемінде 10 іс-шара). 6000 мың адамнан кем емес жастарды қамту; 2) Волонтерлердің деректер базасын құру және жүргізу. Кем дегенде 300 жаңа волонтерлерді волонтерлік қызметке тарту. Еріктілер qazvolunteer.kz сайтында тіркелуі керек; 3) Облыста волонтерлік бастамаларды қолдау жобалары байқауын өткізу; 4) Волонтерліктің 8 бағытының бірі бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін волонтерлер арасында гранттар бөлу. Барлығы 8 жоба, грант мөлшері 300 000 теңге. |
|
|
2. |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау; |
Жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту бойынша іс-шаралар кешенін дайындау және өткізу |
Облыстық турнир өткізу еліміздегі мәселелерге назар аударып, оларды шешуге көмектеседі.Жас пікірсайысшылар арасынан пікір көшбасшыларын анықтау. |
9 000,0 |
1 қысқа мерзімді грант |
Мақсатты көрсеткіш Қатысушылар кемінде 30 команда. Саны: 8 аудан, 2 қала. Кем дегенде 20 адамнан тұратын төрешілер корпусын дайындау.Күтілетін нәтиже1) Жетісу облысының 8 ауданы мен 2 қаласында пікірсайыс турнирін өткізу.2) Облыстық пікірсайыс турнирін өткізу. Қатысушылар саны Жетісу облысының 8 ауданы мен2 қаласынан кемінде 30 команда.3) Республикалық пікірсайыс турнирін өткізу. Қатысушылар саны – еліміздің кемінде 10 өңірінен кемінде 20 команда;4) Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша облыстың аудандары мен қалаларында пікірсайыс клубтарын құру, әрбір клубтың ережесі мен қатысушылардың тізімі болуы қажет;5) Турнирге қатысушылар мен төрешілер үшін пікірсайыс өткізу бойынша тренингтер өткізу, спикерлер пулын құру;6) Үздік 30 спикердің фотосуреттермен тізімін қалыптастыру;7) Кем дегенде 20 адамнан тұратын төрешілер корпусын дайындау. |
|
|
3. |
Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек; |
Балалар үйінің түлектеріне қолдау көрсету |
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу мәселесі елімізде әлі де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мектеп-интернатты бітірген балалардың 90%-ы қоғамдағы өзара әрекеттестіктің бір немесе басқа аспектісінде қиындықтарға тап болады. Бұл проблемаларды болдырмау үшін жасөспірімдерді балалар үйінен тыс тәуелсіз өмірге дайындау үшін бейімделу шараларының жүйесі қажет.Бұл жоба қоғамда өз бетінше өмір сүру дағдыларын дамытуға, қиын жағдайдан қалай шығу керектігін айтып, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы білуге көмектеседі. |
7 000,0 |
1 қысқа мерзімді грант |
Мақсатты көрсеткіш Балалар үйінің түлектерін әлеуметтендіру және қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру.Балалар үйінің кемінде 100 түлегін өткізілетін іс-шаралармен және кеңестермен қамту.Күтілетін нәтиже1) Қосымша білім беру шеңберінде жетім балалар арасында ағартушылық жұмыс жүргізу, олардың мәдениеті мен білім деңгейін арттыруға қызығушылықты дамытуға ықпал ету, оларға іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіру;2) Жетім балалардың әлеуметтік ортасын кеңейту, түрлі өмірлік жағдайларды шешуде жеке үлгі бола алатын тәлімгерлермен және кеңесшілермен байланыс орнату; қарапайым үй шаруашылығын жүргізу дағдыларын үйрету (аспаздық, отбасылық бюджетті есептеу, киім жөндеу және т.б.);3) Интернаттық мекемелерде тұратын жетім балаларды ересектердің дербес өміріне бейімдеу үшін билік органдарының, әлеуметтік қызметтердің, емханалардың, ауруханалардың, оқу орындарының, полицияның жұмысымен таныстыру;4) Жобаның шеңберіндегі іс-шаралар туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде жариялау, интернаттық мекемелерде балаларды тәрбиелеудің ең тиімді әдістері, олардың әлеммен өзара әрекеттесуі туралы пікірталастарды дамыту, әлеуметтік медиа аудиториясын жетім балаларға әлеуметтік оқшаулануға жол бермеу үшін көмектесуге ынталандыру;5) Балалар үйінің түлектері арасында 4 жеңімпазға кемінде 1 млн. теңгеге грант бере отырып, бизнес-жобалар конкурсын ұйымдастыру. |
|
|
4. |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау; |
КТК ойындарын ұйымдастыру және өткізу. |
КТК жастарды адамгершілік қасиеттерге баулиды, сөйлеу тілін, дикциясын, ой-өрісін ұшқырлығын дамытады. |
10 000,0 |
1 қысқа мерзімді грант |
Мақсатты индикатор:500 адамнан аспайтын «Жетісу Жайдарман» шығармашыл жастар қозғалысын құру.Күтілетін нәтиже1) Жетісу облысының 8 аудан және 2 қаласында іріктеу турларын ұйымдастыру және өткізу, кубок, дипломдармен қамтамасыз ету. Облыстық турнирге командаларды іріктеу үшін кемінде 2 адамнан туратын редакторларды жатын орынмен, ішумен, көлікпен қамтамасыз ету.2) КВН облыстық фестивалін ұйымдастыру және өткізу, аудандар мен қалаларда іріктеу турларында жеңіске жеткен кемінде 10 командаға ақшалай сыйлықтармен қамтамасыз ету. 1 орын - 200 000 тг., 2 орын-150 000 тг., 3 орын-100 000 тг.«Үздік ойыншы» номинациясына 50 000 теңгеден кем емес ақшалай сыйлықпен, сонымен қатар, республикалық ойындарды өткізу тәжірибесі бар жүргізушіні қамтамасыз ете отырп, 200 000 теңгеден кем емес гонорарын ұсынуды қамтамасыз ету.Лига бір маусымда кемінде 3 ойыннан тұруы керек.Өткізілетін орын қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, кемінде 500 адамға арналған және санитарлық норманың барлық талаптарына сай болуы керек.3) Жетісу облысы әкімінің кубогы үшін «Жайдарлы Жетісу» КТК республикалық фестивалін өткізу, Қазақстан Республикасының өңірлерінен кемінде 10 команда қатысу қажет, бұл ретте 8 команда Жоғарғы лигада қатысушы мәртебесіне ие болуы тиіс. Фестиваль жеңімпаздарын дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапаттауды қамтамасыз ету. 1 орын – 500 000 теңге, 2 орын – 400 000 теңге 3 орын – 300 000 теңге, жүлделі орын алмаған әр командаға 100 000 теңгеден кем емес ынталандыру сыйлықтарын беру.Республикалық және жоғары лигаларда кемінде 10 жыл жүргізу тәжірибесі бар кемінде 600 000 теңге гонорар төлей отырып жүргізушіні қамтамасыз ету.4) Облыстың аудандары мен қалаларында КТК қозғалысын ұйымдастыру бойынша семинарлар өткізу, әрбір семинарда кемінде 50 адамды қамту қажет;5) Барлық шығындарды қосқанда кемінде 2 жаттықтырушыны қамтамасыз ету. Жаттықтырушылар Қазақстан КТК жоғары лигасының редакторы болуы керек. Жаттықтырушылар Халықаралық КТК одағының жоғары лигасына қатысуы және Қазақстан КТК жоғары лигасының чемпионы болуы керек. |
|
|
5. |
Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау |
Жастар арасында есірткі және олардың прекурсорларының таралуы мен қолданылуының алдын алу |
Денсаулық сақтау, Ішкі істер органдарының, психологтардың, жастар ұйымдарының мамандарын, жастардың арасында танымал қоғамдық пікір көшбасшылары мен блогерлерді тарта отырып, синтетикалық есірткіні қолданудың қауіптілігі мен салдары туралы ақпараттық-түсіндіру бойынша іс-шараларды облыс жастары арасында ұйымдастыру және өткізу(студенттер, жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және т.б.). |
7 000,0 |
1 қысқа мерзімді грант |
Мақсатты индикатор:Жоба аясында тиісті өңірдегі жастардың жалпы санынан кем дегенде 50% адам.Күтілетін нәтиже1) облыстың орта, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында ақпараттық-профилактикалық кездесулер, студенттер арасында синтетикалық есірткіні қолданудың зияны мен зардаптары туралы ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу;2) Жастардың әлеуметтік осал санаттары үшін облыстық деңгейде профилактикалық іс-шаралар өткізу;3) Жетісу облысы жастары арасында әрқайсысына 200 мың теңгеден кем емес 5 адамға ақшалай сыйлық тағайындау арқылы әлеуметтік желілерде бейнероликтер байқауын өткізу.4) Қабырғалардағы есірткі орындарының мекен-жайы көрсетілген граффити жазуларын бояу бойынша іс-шараларды өткізу;5) Синтетикалық есірткіні пайдалану немесе тарату фактілері туралы келіп түскен өтініштерге жедел жауап беру мақсатында telegram және whatsapp мессенджерлерінде анонимді сервис құру;6) Жастар арасында синтетикалық есірткінің алдын алу үшін 300 мың теңгеден 10 және шағын гранттарды іске асыру;7) Облыстың 8 ауданы мен 2 қаласында жастар арасында заманауи әдістер мен кейстерді пайдалана отырып, нашақорлықтың алдын алу бойынша тренингтер өткізу, кемінде 100 000 адамды қамту. |
|
|
6. |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін насихаттау бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру. |
Өскелең ұрпақтың бойына отбасылық құндылықтар мен патриотизмге негізделген ұлттық идеологияны сіңіруде сапалы жұмыстың жоқтығы. Заманауи жастардың интернеттің әлеуметтік желілері (оның ішінде фильмдер, анимациялар және компьютерлік ойындар арқылы насихатталатын деструктивті) арқылы таралатын субмәдениеттерге бейімділігінің алдын алу. |
8 000,0 |
1 қысқа мерзімді грант |
Мақсатты индикатор:Жетісу облысында жастардың жалпы санынан 50% кем емес.Күтілетін нәтиже1) Жетісу облысының 8 ауданында, 2 қаласында мақсатты аудиторияға (8-11 сынып оқушылары, колледж және ЖОО студенттері арасында) отбасының құндылығын дәріптеу, патриотизм сезімін ояту мақсатында дәрістер, дайындалған фильмдерді көрсету;2) Облыстың 8 ауданы мен 2 қаласында байқаулар өткізу(«Дана ене», «Дара келін», «Әке-асқар тауым»);3) Әлеуметтік желілерде салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық тағамдар туралы заманауи жастар бейнероликтерін жасау және ротациялау (5 бейнеролик).4) Облыстың оқушылары, ЖОО мен коллдеж студенттері арасында халық музыкасын насихаттау (қобыз, қылқобыз, домбыра, жетіген, скрипка және т.б);5) Қазақстанның киелі жерлерінің базасында жастарға арналған 1 күндік этно-лагерь ұйымдастыру, онда олар қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, мәдениеті мен тілі туралы білім ала алады. Жастарды қамту 60 адамнан кем емес. |
|
|
7. |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
Алаяқтық схемалар мен «инфобизнесмендерді» әшкерелеу арқылы алаяқтықтың алдын алу және қаржылық сауаттылықты арттыру |
Таңдалған тақырыптың өзектілігі ақшаны дұрыс басқару қажеттілігімен түсіндіріледі. |
6 000,0 |
1 қысқа мерзімді грант |
Мақсатты индикатор:Жоба аясында Жетісу облысында жастардың жалпы санының кемінде 50%-ын құрайтын 20-35 жас аралығындағы жастармен іс-шаралар өткізу.Күтілетін нәтиже1) Облыстың 8 ауданы мен 2 қаласында қаржылық сауаттылыққа оқыту, семинарлар, тәжірибелік сабақтар өткізу;2) Жастарды ақшаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу принциптеріне үйрету;3) Қаржылық сауаттылық бойынша әрқайсысы 10 минуттан кемінде 5 бейнесабақ өткізудің әдістемесі мен аудиосабақтар бағдарламасын әзірлеу;4) Түрлі алаяқтық схемаларды, оның ішінде мемлекеттік құрылымдар, банк секторы, БАҚ өкілдерінің қатысуымен анықтау және жария ету;5) Қаржылық алаяқтық туралы кемінде 3 вирустық бейнеролик және кемінде 15 инфографика жасау; Барлық платформаларда, бұқаралық ақпарат құралдарында (электрондық және баспа БАҚ, әлеуметтік желілер) кеңінен қамтылуы тиіс. |
|