Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруАқпаратқа қол жеткізу саласындағы мәселелер Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы қоғамдық мүдделерді қорғау мақсатында жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органның – ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырыстарында қаралады.
Құрамына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, "Атамекен" ҰКП және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретін комиссияның отырыстары тоқсан сайын (министрліктің Facebook парақшасында онлайн-трансляциямен) өткізіледі.
Қорытындысы бойынша ақпарат иелері, оның ішінде мемлекеттік органдар үшін тиісті ұсынымдар әзірленеді.
ҮЕҰ Дерекқоры - үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор.
Ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін ("ақпаратқа қол жеткізу туралы"Заңның 18-бабы).
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуіне байланысты әкімшілік актілерге, әкімшілік әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Осылайша, шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі. Осылайша, өтініш беруші әкімшілік рәсімге қатысушы ретінде іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын мемлекеттік органға шағым беруі керек.
Өз кезегінде, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам) оны және әкімшілік істі жіберуге тиіс. Жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам болмаған жағдайда әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) сотта шағым жасалуы мүмкін.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 456-1-бабында бұзушылықтың түріне байланысты 20-дан 200 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі айыппұлдар түріндегі ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
1) «Тарихи тұлғалар» тізіміне аудан, қала әкімдіктерінен «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-5-бабында көрсетілген ономастика жұмысының критерийлеріне сәйкес келетін жергілікті жердегі танымал тұлғалардың тізімдері жинақталып, облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылады;
2) Ономастикалық нысандарға атау беру және оларды қайта атау жұмыстарын жүргізу барысында ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісілген, Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған «Тарихи тұлғалар» тізімі басшылыққа алынады;
3) «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (11.07.1997 ж. № 15) 25-5 бабында және ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен (11.07.2025 ж. № 317-НҚ) бекітілген Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымда көрсетілген ономастика жұмысының критерийлері негізінде екі жылда бір (1 қарашаға дейін) ономастика саласындағы уәкілетті органға (ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясы) «Тарихи тұлғалар» тізбесін өзектендіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану тәртібі:
1) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық заңымен;
2) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 873 Қаулысымен;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 8 маусымдағы №137 бұйрығымен реттеледі.