Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Мал шаруашылығы саласында мынадай мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылады:

  1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары). Аталған субсидиялау бағдарламасы туралы толық ақпаратпенhttps://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900018404сілтемесіне өту арқылы танысуға болады.
  2. Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шекен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шекен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары). Аталған бағдарлама аясында инвесторлардың жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жұмсаған шығындарын 25%-ын өтеу көзделіп отыр. Бұл субсидиялау бағдарламасы бойынша субсидиялар алу бойынша ақпарат  https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017320сілтемеде берілген,

Бұдан басқа, мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ мен «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ қаржыдық ұйымдарымен ІҚМ, ҰҚМ, ауыл шаруашылығы техникасын/құрал-жабдықтар сатып алуға, құрылыс-монтаж жұмыстарына, айналым қаражатын толықтыруға және т.б. бағытталған фермерлерді несиелеу бағдарламалары «Сыбаға», «Ырыс», «Іскер», «Агротехника», «Қарапайым заттар экономикасы» жүзеге асырылады. Толық ақпрат «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ сайтындаwww.agrocredit.kz; және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ сайтындаwww.fagri.kzқол жетімді.