Құрылым

Мәдениет және мониторинг бөлімі

Мәдениет және мониторинг бөлімі тарихи, мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі заңдардың орындалуын, ережелердің сақталуын бақылайды және осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіреді. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, кітапхана, музей мекемелері мен кәсіпорындары жұмыстарына басшылық жасайды және олардың жұмысын үйлестіреді, жоспарларын жинақтап, талдау жасайды, ұсыныстар әзірлейді, есеп береді.

Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің жұмысын ұйымдастырады.

Толығырақ

Телефон:

8 72 82 41-71-80

Электрондық пошта:

gulmira.kalkabaeva@zhetysu.gov.kz

Архив істері және құжаттауды бақылау бөлімі

Архив істері  және құжаттауды бақылау бөлімі архив ісі бойынша заңнамалардың сақталуын қадағалайды, өз қызметінде жоспарлы, тақырыптық тексерулерді ұйымдастырады, жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі актілерінің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуының жай-күйін тексеруді ұйымдастырады.

Бөлім Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, жинақтауды, есепке алуды, пайдалануды ұйымдастырады, сонымен қатар мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйені құру және дамыту бойынша жұмыстарды қадағалайды.

Архив істері  мен құжаттау мәселелері  бойынша семинарлар мен конференциялар ұйымдастырады, «Архивтік анықтамаларды, архивтік көшірмелерді және құжаттардан архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы жұмыстың заңға сәйкес, уақытылы әрі сапалы орындалуын қадағалайды және де Ұлттық архив қоры құжаттарын жариялауды және шығаруды ұйымдастырады.

Толығырақ

Жоспарлау және шаруашылық бөлімі

Мониторинг, жоспарлау және мәдени шаралар бөлімі қаржы-экономикалық жұмыстардың Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне және Қазақстан Республикасының басқа да қаржы саласы бойынша заңдарына, ережелеріне сәйкес жүргізілуін ұйымдастырады.

Басқарма мен оған қарасты мекемелердің, кәсіпорындардың бюджеттерін жоспарлау мен қалыптастыруды, бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауды және оның орындалуын жүзеге асырады, қаржы және экономика саласы бойынша қызметтеріне мониторинг жасайды, қадағалайды.

Толығырақ

Телефон:

8 72 82 41-73-01

Электрондық пошта:

zh.kurmangaliev@zhetysu.gov.kz