Жалпы ақпарат

Бейсенбеков Бақыт Рыскелдіұлы
Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі
Әкімдік туралы
Жамбыл ауданы әкімдігінің "Ұзынағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ әкім аппараты туралы осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Жамбыл ауданы әкімдігінің "Ұзынағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, заңнамаға сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.