Құрылым
Ішкі саясат бөлімі
«Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шеңберінде саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, ақпараттық саясатты іске асырады, бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингтейді, қоғамдық-саяси жағдайға талдау жүргізеді, жастармен және жастар бірлестіктерімен жұмысты ұйымдастырады, сондай-ақ әкімшілік қызмет атқаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлім басшысы:
Сматилдаева Гулназ ЕсенгалиевнаТелефон:
43-77-52, 43-54-06Электрондық пошта:
ovp_taraz@mail.ruСәулет және қала құрылыс бөлімі
«Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесі Тараз қаласы аумағында сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Мемлекеттік сатып алу бөлімі
“Тараз қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер саласында немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша біріңғай мемлекеттік сатып алуларды өткізеді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
"Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қала аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тұрғын жай - коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Тараз қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тұрғын үй қатынастар бөлімі
"Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады
Жер қатынастар бөлімi
«Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының жер қатынастары саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Қаржы бөлімі
"Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, қалалық бюджеттің толық, уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету және қалалық коммуналдық меншіктегі мүліктерді тиімді басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
"Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жүргізу, Тараз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік–экономикалық дамуы бойынша бағдарламалық құжаттарды, қала бюджетін әзірлеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Дене шынықтыру және спорт бөлімі
«Тараз қаласының әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Тараз қаласы аумағында дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып және салауатты өмір салтын насихаттау дене шынықтыру мен спорт саласын ұйымдастыру және осы салаға басшылық ететін Тараз қаласы әкімінің құрылым бөлімшесі болып табылады
Құрылыс бөлімі
"Тараз қаласының құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаланың аумағында құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Ауыл шаруашылық бөлімі
"Тараз қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған, құзыретіне сәйкес ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары салаларындағы басшылықты жүзеге астыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі
"Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі қала аумағында кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы жоба, жоспарларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
"Тараз қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет және тіл саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлім басшысы:
Туксанбаева Бакыт ТилегеновнаТелефон:
34-69-01Электрондық пошта:
kultura.gtaraz.99@mail.ru