"Асарлатып үй салу" жобасы
Жоба туралы
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы «Туған жер» арнайы жобасы «Асарлатып үй салу» жобасы, өңір басшысы Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың қолдауымен 2020 жылы жүзеге асып, нәтижелі көрсеткіш көрсетіп Тараз қаласы мен аудандарда жоба аясында 100 үй пайдалануға берілді. Жобаның мақсаты: «Асар» дәстүрін жаңғырту және дәріптеу, азаматтардың бірлігін арттыру, қоғамның осал топтарына: әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы отбасыларға үй салып беру болып табылады. Жобаның ерекшелігі – мұқтаж отбасы ауыл ақсақалдарының шешімімен анықталады. Сондай – ақ ауыл тұрғындары мен демеушілердің көмегімен жүзеге асады. Осы игі бастама биылғы 2021 жылы да жалғасын таппақ. 2021 жылы Талас ауданында 6 ауылдық округте (Аққұм, Коктал, Үшарал, Берікқара, Бостандық, Есейхан-2 үй), ауыл ақсақалдарының шешімімен 7 үй соғылады. «Келісті атаның жолы – кейінге үлгі» демекші, жақсы істі жаңғыртып, жалпының жанын жадыратқан «Асар» ісі ағайынның арасын нығайтуға, әлсізді демеуге үлкен себепкер, ел арасына тың ой салған игілікті іс болары сөзсіз.