КІШІ ФУТБОЛДАН ТУРНИР БОЛЫП ӨТТІ

Өткен сенбі күні Жаңатас қаласының тұрғыны болған Тілеуқабылов Жандос Тимурұлын еске алуға арналған кіші футболдан облыстық турнир болып өтті.
Тартысты өткен доп додасына арғысы Шымкент қаласынан, Түркістан облысының Шолақорған, Созақ ауылдары мен Таукент кетінен, бергісі Талас, Сарысу аудандарынан командалар қатысты.
Спорт кешенінде өткен турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Н. Нұралиев, Жаңатас қалалық спорт мектебінің директоры, Сарысу ауданының Құрметті азаматы С. Ниязов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, Жандостың әкесі, төтенше жағдай қызметі саласының ардагері Тимур Тілеуқабылов жарысты ұйымдастырушылар мен жарысқа қатысушыларға алғыстарын білдірді.
8 команда қатысып, ауыспалы Кубок сарапқа салынған турнирде І-ші орынды Таукент кентінің командасы (100000 тенге), ІІ-ші орынды Созақ ауылының командасы (60000 тенге), ІІІ-ші орынды Сарысу ауданының құрама командасы (40000 тенге) иеленді.
Жарыс жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен, медальдармен және Жандостың туысқандарының қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі