МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ: ОКРУГТІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Көру саны:2
МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ: ОКРУГТІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Шортанбаев 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша округтік сайлау комиссияларына заң талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесулер барысында талқыланған мәселелер округтік сайлау комиссиялары мүшелерінің алдағы мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізуге дайындығын арттыруға, оларға жүктелген міндеттерді орындау, сайлау науқанын ұйымдастыру кезіндегі әрекеттердің үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталды.
Сонымен қатар сайлау науқанының негізгі бағыттары бойынша, сайлауды ұйымдастырудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, сайлау комиссияларының міндеттері мен өкілеттіктерін, кандидаттарды ұсыну және тіркеу мәселелерін, сайлаушылар мен сайлау процесіне қатысушыларды ақпараттандыру, сайлау алдындағы үгіт тақырыптары бойынша түсіндірмелер берілді.