Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті
2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалған Жаңатас қаласы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2026 жылғы 19 қазанда Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген комиссия отырысына Жаңатас қаласына әкім болуға тіркелген кандидаттар және сенім білдірілген адамдары қатысты.
Отырыстың негізгі мақсаты — кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының сайлау процесіндегі құқықтарын түсіндіру, үгіт жұмыстарын заң аясында ұйымдастыру және заң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
- Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы.
- Сайлау алдындағы үгіт.
- Сайлауды қаржыландыру.
Кандидаттар тарапынан қойылған сұрақтарға аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің тарапынан құқықтық түсініктемелер берілді.
Жиын қорытындысы бойынша әкім болуға кандидаттарға тиісті куәліктер берілді.
22 қазан 2026
22 қазан 2026