Бос тұрған «Жаңатас-Су-Жылу » шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директоры лауазымына конкурс жариялау туралы
Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бос тұрған «Жаңатас-Су-Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директоры (1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды.
Кәсіпорынның атауы: Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бос тұрған «Жаңатас-Су-Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Орналасқан жері: 080700, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Өндірістік аймақ № 25 үй.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: ауданның кәсіпорындарына, мекемелеріне, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, жеке тұлғаларға және де өзге де тұтынушыларға су алу, суды тарату, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау және канализация бойынша қызметті іске асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе құқық саласындағы білімі жоғары, аталған бағыттағы басшылық лауазымда қызмет өтілі 5 жылдан кем емес болуы.
Кәсіби біліктілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін (жалпы және Ерекше бөлімдері), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», Заңдарын және Қазақстан Республикасының осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығының «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары» негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру аудандақ «Сарысу» газетінде жарияланған күннен бастап 15 күнтүзбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Жаңатас қаласы, 1 шағын аудан, Бейбітшілік көшесі № 25 үй, «Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» тел:6-13-637
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға, конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) белгіленген тәртіппен расталған білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) денсаулық жағдайы туралы анақтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан кепілдеме және т.с.с.) беруіне болады.
Конкурстың өтетін күні: 27 қараша 2026 жыл
Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Бейбітшілік № 25 үй (2 қабат, мәжізіл залы)
26
19 қараша 2026 10:54
19 қараша 2026