Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облысын цифрландыру

Жамбыл облысын цифрландыру жұмыстары цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, экономиканың дамудың принципті жаңа траекториясына өтуіне жағдай жасауға бағытталған.
Жамбыл облысының барлық басқармалары, Тараз қаласының әкімдігі 2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, «ақылды» қалалардың анықтамалық стандартын және облысты цифрландыруының жол карталарын басшылыққа ала отырып, Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтарының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Бағдарламаны іске асырудың бес негізгі бағыты:
1. "Экономика салаларын цифрландыру" - еңбек өнімділігін арттыруға және капиталдандырудың өсуіне алып келетін озық технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын түрлендіру бағыты.
2. "Цифрлық мемлекетке көшу" - қажеттіліктерін күні бұрын біліп халық пен бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын түрлендіру бағыты.
3. "Цифрлық Жібек жолын іске асыру" - ішкі контур үшін де, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру үшін деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамыту бағыты.
4. "Адами капиталды дамыту" - жаңа жағдайға - білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам деп аталатынды құруды қамтитын түрлендіру бағыты.
5. "Инновациялық экожүйені құру" - бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы орнықты көлденең байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін жағдай жасау бағыты. Мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға, бейімдеуге және енгізуге қабілетті экожүйе катализаторы ретінде әрекет етеді.

 
Дата публикации
05 мая 2021
Дата обновления
11 сентября 2025
Тип
Information

Сейчас читают

Information
22 сентября 2021
Внедрение проектного управления
Information
05 мая 2021
Жамбыл облысын цифрландыру

Социальные медиа

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты