В соответствии с пунктом 5 статьи 8 Закона Республики Казахстан «О противодействии коррупции», пунктами 2,4 Типовых правил проведения внутреннего анализа коррупционных рисков, утвержденных приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействия коррупции от 19 октября 2016 года №12. В период с 09 по 23июня 2026 года будет проведен внутренний анализ коррупционных рисков в деятельности КГУ «Аппарата акима Дегересского сельского округа» акимата Жамбылского района:
- в нормативно правовых актов, затрагивающих деятельность учреждения
- в организационно-управленческой деятельности.
По данному вопросу обращайтесь по телефону 8 (72770) 40-5-47.
Соңғы үш жылда еліміздегі экотуристер саны 40%-ға өсті.
Соңғы жылдары Қазақстанда экологиялық туризмге деген қызығушылық тұрақты түрде артып келеді. 2022 жылы экотуристер саны 2 миллион адамға жетсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 2,8 миллионға көбейіп, 40%-ға өсті. Ал 2023 жылы экотуристер саны 2,4 миллион адам болған, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Саяхатшылар арасында Алматы маңындағы ұлттық парктер, атап айтқанда, Іле-Алатау ұлттық паркі, Шарын шатқалы, Алтынемел және Көлсай көлдері ең көп сұранысқа ие бағыттар саналады.
Бүгінде еліміздегі 14 ұлттық саябақ тұрақты туризм қағидаттарына сай инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмыс істеп келеді. Туристердің жайлы демалысы үшін визит-орталықтар, кемпингтер, глэмпингтер және өзге де нысандар салынып жатыр.
Кейінгі жылдары тағы 8 заманауи визит-орталық пайдалануға берілді. Олар ақпараттық жүйелермен, бағыттар көрсетілген навигациямен және негізгі инфрақұрылыммен жабдықталған. Бұл орталықтар келушілерге табиғи экожүйе, жабайы жануарлар мекені, арнайы маршруттар мен қорғалатын аумақта жүру ережелері жөнінде ақпарат ұсынады.
Экотуризмді дамыту – табиғи мұраны сақтауға, елдің туристік әлеуетін арттыруға және өңірлердің тұрақты дамуына үлес қосады.
«Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден келді.
«Ата жолы» картасын енгізудің мақсаты тарихи отанымен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін елге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту болып табылады. Бұл Карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға өз шығу елдерінің азаматтығын сақтай отырып беріледі.
«Ата жолы» картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады және еңбек қызметін жүзеге асыру немесе бизнес жүргізу үшін қоныстану өңірін дербес таңдайды.
«Ата жолы» картасы бар этникалық қазақ басқа елдің азаматы бола отырып, Қазақстан азаматтарымен және қандастармен тең құқықтарға ие.
«Ата жолы» картасының иегерлері (және олардың отбасы мүшелері) мынадай құқықтарға ие:
- медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық мекемелерде қызмет және әлеуметтік төлемдер алу;
- ҚР Еңбек кодексіне және «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан аумағында жұмысқа орналасу;
- ҚР Кәсіпкерлік кодексіне және өзге де құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;
- «Білім туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында тегiн орта бiлiм алу, мемлекеттiк орта арнаулы және/немесе жоғары оқу орындарында конкурстық негiзде тегiн орта арнаулы және/немесе жоғары бiлiм алу, жеке оқу орындарында ақылы білім алу;
- «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу;
- азаматтық саласындағы халықаралық шарттарға және ҚР заңнамалық құқықтық актілеріне сәйкес жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу.
«Ата жолы» картасы бар адамдардың ҚР Парламенті мен мәслихаттарына сайлануға, сондай-ақ сайлауда дауыс беруге, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ әрі мемлекеттік қызметке қабылданбайды.
Егер «Ата жолы» картасының иесі Қазақстан азаматтығын алатын болса, онда Карта жарамсыз деп танылады.
Жұмысшы мамандықтары жылы аясындағы іс-шаралар жоспары қаралған Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев жаңа жобаларды іске асыру кезінде жобаның цифрлық аналогын және 3D-модельдеуді пайдалануды көздейтін BIM технологиясы бойынша автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялауды жобалау көзделгенін хабарлады. Бұл бағытта «ақылды жолдар» бойынша тиісті инженер-жобалаушылар, BIM технологиясында жұмыс тәжірибесі бар прорабтар, құрылыс роботтарының операторы және цифрлық жобалаушы қажет болады. Көлік-логистика саласындағы ірі тораптарды басқару үшін цифрлық логистикалық карталар конструкторы мен операторы керек.
Азаматтық авиацияда сыртқы пилоттандырылатын авиациялық жүйелердің пилоттары сұранысқа ие болады. Осыған орай, алдағы уақытта уәкілетті орган мен білім беру мекемелерімен бірге осы мамандықтарды ашу мәселесі қарастырылады.
Бүгінгі таңда 9,7 млн жұмыспен қамтылған халықтың 772 мыңы көлік секторында жұмыс істейді, оның басым бөлігі теміржол және автомобиль көлігі, логистика және қоймалау салаларына тиесілі.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде 2024 жылы 263 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны (МСАК) аяқталып, пайдалануға берілді. Оның ішінде өңірлердің картасында 47 дәрігерлік амбулатория, 101 фельдшерлік-акушерлік пункт, 115 медициналық пункт пайда болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Биылғы жылы ұлттық жобаны іске асыру бойынша көшбасшылардың қатарында: 38 нысан салынған Солтүстік Қазақстан облысы, 37 нысан салынған Түркістан облысы, 18 нысан салынған Жамбыл облысы, 19 нысан салынған Қостанай облысы, 24 нысан салынған Ақмола облысы бар.
Ұлттық жобаның шеңберінде ауылдық елді мекендерде барлығы 655 МСАК нысанын салу жоспарланған, оған 257 медициналық пункт, 238 ФАП, 160 дәрігерлік амбулатория салу кіреді.
Ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетудің уақтылығын арттыру мақсатында 32 заманауи көпбейінді аудандық орталық аурухананы жаңғырту жоспарланған.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылатын ауылдық аурухананың инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі ұлттық жоба ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған. Қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылған жетіспейтін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарын салу ауылдағы медициналық қызметтердің, оның ішінде профилактикалық қарап-тексерулердің, скринингтердің, жүкті әйелдер мен балаларды патронаждаудың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, диспансерлік науқастарды байқауға, амбулаториялық оңалтуға және медициналық көмектің басқа да түрлеріне мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қонаев қаласының тұрғынының автокөлігін Бірыңғай ақпараттық жүйенің дерекқорында автокөліктердің VIN-кодтарының болмауына байланысты автокөліктерді тіркеуден бас тартқандығын анықтады.
Тексеру барысында Алматы облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасына көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы талап етілгендігі анықталды.
Алайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген «Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына» сәйкес бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына өзгерістер енгізу үшін сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы қажет емес.
Осыған байланысты бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына көліктің VIN кодтарын реттеліп, енгізілді. Осылайша қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.
Праздник, известный еще как Международный день добровольцев во имя экономического и социального развития, учреждён Генеральной Ассамблеей ООН и отмечается ежегодно 5 декабря.
Волонтерское движение в Казахстане объединяет более 240 тыс. неравнодушных казахстанцев, которые всегда готовы прийти на помощь тем, кому она особенно необходима, и внести свой вклад в решение многих вопросов, в т.ч. экологических, социальных, поисково-спасательных.
Добрые дела настоящих патриотов своей страны всегда находят отклик в сердцах казахстанцев, меняют жизнь к лучшему.
С праздником!
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 1000 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Ағымдағы жылдың 27 қараша күні Жамбыл ауданында “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында көгалдандыру жұмыстары ұиымдастырылып, Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғатты паидалануды реттеу басқармасының қолдауымен, аудан көлемінде 1000-нан астам ағаш отырғызылды. Ағаштар ауылдық округтер мен қоғамдық аимақтарға бөлініп отырғызылды. Аталған шараға аудандағы мемлекеттік мекеме, бөлім басшыларымен қызметкерлері, жастар, ауыл тұрғындары белсене қатысты.
Ұзынағаш ауылындағы “Алтын асық” ықшам ауданында да ағаш отырғызу акциясы өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Нұрпеиісов Абзал Еркінұлы арнаиы қатысып, ұиымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдірді. Өз сөзінде ол:
“Бұл акция – экологияны жақсартудың және болашақ ұрпаққа жаилы өмір сүру ортасын қалыптастырудың маңызды қадамы. Табиғатты қорғау мен көгалдандыру жұмыстары аудан көлемінде жалғасын табады,” – деп атап өтті.
Аталған акция аудан тұрғындары арасында үлкен қолдауға ие болды. Мұндай шаралар “Таза Қазақстан” бағдарламасының аясында жүиелі түрде жүргізіліп, ауданның экологиялық жағдаиын жақсартуға елеулі үлес қосуда.
Алматы облысы Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Алматы облысы Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 8 желтоқсанда Жамбыл аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау өтетінін хабарлайды. Сайлау бірмандаттық № 16 сайлау округі бойынша өтеді. № 16 сайлау округіне Дегерес, Шиен және Аққайнар ауылдық округтері кіреді.
Шығып қалған депутаттардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1-тармағында көзделген.
Сайлау іс-шараларын өткізу мерзімдерін ауданның аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.
Алдағы уақытта болатын сайлау туралы толығырақ ақпаратты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасынан алуға болады.