27 қараша күні Жамбыл ауданы бойынша «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» бағдарламасы аясында 1000 нан астам ағаш отырғызылды.

27 қараша күні Жамбыл ауданы бойынша «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» бағдарламасы аясында 1000 нан астам ағаш отырғызылды.

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 1000 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 27 қараша күні Жамбыл ауданында “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында көгалдандыру жұмыстары ұи‌ымдастырылып, Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғатты паи‌далануды реттеу басқармасының қолдауымен, аудан көлемінде 1000-нан астам ағаш отырғызылды. Ағаштар ауылдық округтер мен қоғамдық аи‌мақтарға бөлініп отырғызылды. Аталған шараға аудандағы мемлекеттік мекеме, бөлім басшыларымен қызметкерлері, жастар, ауыл тұрғындары белсене қатысты.

Ұзынағаш ауылындағы “Алтын асық” ықшам ауданында да ағаш отырғызу акциясы өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Нұрпеи‌ісов Абзал Еркінұлы арнаи‌ы қатысып, ұи‌ымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдірді. Өз сөзінде ол:
“Бұл акция – экологияны жақсартудың және болашақ ұрпаққа жаи‌лы өмір сүру ортасын қалыптастырудың маңызды қадамы. Табиғатты қорғау мен көгалдандыру жұмыстары аудан көлемінде жалғасын табады,” – деп атап өтті.

Аталған акция аудан тұрғындары арасында үлкен қолдауға ие болды. Мұндай шаралар “Таза Қазақстан” бағдарламасының аясында жүи‌елі түрде жүргізіліп, ауданның экологиялық жағдаи‌ын жақсартуға елеулі үлес қосуда.