Әкімшілік жұмысы департаменті
Құпия емес іс қағаздарын жүргізуді және электрондық құжат айналымын жүргізу, қағаз және электрондық тасығыштарда келіп түсетін және жөнелтілетін хат-хабарлардың іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес келуін тексеру;
бастапқы өңдеуді жүзеге асыру, оның ішінде ресімдеудің дұрыстығын, жөнелту үшін қабылданған негізгі құжатта көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруді жүзеге асыру; келіп түскен қызметтік хат-хабарларды алдын ала қарау, бөлу, есепке алу және тіркеу, оны басшылыққа және құрылымдық бөлімшелерге жедел жеткізу, құжаттардың уақытылы өтуін бақылау, оның ішінде сыртқы кіріс және шығыс құжаттардың уақытылы тіркелуін жүзеге асыру;
Министрлік басшылығының құжаттарды уақытылы қарауын ұйымдастыру;
басшылықта өткізілетін кеңестерге кіріс және шығыс құжаттар бойынша анықтамалар дайындау;
құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылаудағы тапсырмалардың орындалу мерзімдерін бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен және өзге де мемлекеттік органдармен хат алмасуды жүзеге асыру;
іс қағаздарын жүргізу үшін мөрлер мен мөртабандарды, Министрліктің қатаң есептілік бланкілерін сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
Министрліктің Операциялық жоспарын әзірлеуге қатысу және жетекшілік ететін мәселелер бойынша іс-шаралардың орындалу барысы туралы ақпараттар дайындау;
«Актілер мен тапсырмаларды орындау» басымдығы бойынша Аппарат басшысының рейтингін бағалау жөнінде мониторингті жүзеге асыру;
құжаттау және құжаттаманы басқару жөніндегі нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеу;
Министрлік басшылығының негізгі қызмет бойынша актілерін тіркеу және есепке алу;
құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелері бойынша семинар-кеңестер және консультациялар өткізу;
Министрлікке мемлекеттік органдардың интранет-порталы (бұдан әрі – МОИП) арқылы келіп түскен нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын тіркеу;
ведомстволық архивке тапсырғанға дейін Министрліктің құжаттары мен істерінің сақталуын қамтамасыз ету.