Заң қызметі департаменті

Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

Департаменттің мақсаты:

 Министрліктің  қызметін заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

Министрліктің заңнамасын қолдану практикасын жинақтау қатысу;

Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру;

Министрлікте жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;

Құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу болып табылады.