Су саясаты департаменті
Департаменттің мақсаты: Мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру. Сондай-ақ, департамент реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді, республика бойынша негізгі өзендер мен басқа да су объектілерінің бассейндері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлейді, бассейндік схемаларға сәйкес бассейндер мен облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде он жылдық кезеңге су пайдалану лимиттерін белгілейді.
Өз қызметі барысында ССД Су ресурстары және ирригация министрлігінің бірінші вице-министріне бағынады және есебін береді.