Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сот жюриі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 38-1 бабына сәйкес судьяларға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін Жоғары Сот Кеңесінің жанынан Сот жюриі (бұдан әрі – Сот жюриі) құрылды.

Сот жюриі он үш судьядан – аудандық соттардың үш судьясынан, облыстық соттардың төрт судьясынан, кассациялық соттардың үш судьясынан және Жоғарғы Соттың үш судьясынан тұрады. Сот жюриіне кеңесші дауыс беру құқығы бар заңгерлер қауымының екі өкілі де кіреді.

Сот жюриінің құрамы Жоғарғы Сот Кеңесімен Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысының ұсынымы бойынша сонымен қатар,  заңгерлер қауымының өкілдерін ұйымдардың жарғысына сәйкес олардың ұсынымы бойынша бекітеді.

Оның қызметі «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығымен бекітілген Сот жюриі туралы ережемен және Сот жюриінің Регламентімен реттеледі.

Судьялар қатарынан Сот жюриінің, сондай-ақ судьялар қатарынан Сот жюриінің запастағы мүшелерінің құрамына ұсынылатын адамдардың кәсіби деңгейі жоғары, мінсіз беделі, судьялар қауымы арасында беделге ие және кемінде он жыл судьялық жұмыс өтілі болуға тиіс.

Заңгерлер қауымы өкілдерінен Сот жюриінің, сондай-ақ заңгерлер қауымы өкілдерінен Сот жюриінің запастағы мүшелерінің құрамына ұсынылатын адамдардың кәсіби деңгейі жоғары, мінсіз беделі және заңгерлік мамандық бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.

Судья тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Қызметтік міндеттерін атқару не қызметтен тыс кездегі кінәлі әрекет (әрекетсіздік) салдарынан осы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның (бұдан әрі – Конституциялық заң) және (немесе) Судья әдебі кодексінің ережелері бұзылып, бұл сот билігі беделін түсіруге және судьяның беделіне нұқсан келтіруге алып келген тәртіптік теріс қылық болып табылады.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 39-бабында судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту негіздерінің толық тізбесі көзделген.

Судья тәртiптiк жауаптылыққа:

1) сот iстерi мен материалдарын қарау кезiнде заңдылықты өрескел бұзғаны үшiн;
2)  судья әдебіне қайшы келетiн, атына кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшiн тартылуы мүмкін.

Сот төрағалары және соттардың сот алқаларының төрағалары Конституциялық заңда көзделген лауазымдық мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшін тәртiптiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.

Заңдылықты өрескел бұзу деп судья өзінің адал болмауы немесе ұқыпсыздығы салдарынан жол берген, заңды анық және елеулі түрде бұзуы түсініледі.

Заңдылықтың өрескел бұзылу фактісін осы негіз бойынша сот актісінің күшін жойған немесе өзгерткен жоғары тұрған сот сатысы анықтайды және істі қараған судьялардың алқа құрамы қол қойған, судьяны заңдылықты өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі жөніндегі ұсынуда көрсетіледі.

Дәлелдемелерді бағалауға байланысты сот актісінің күшін жою немесе оны өзгерту заңдылықты өрескел бұзу болып табылмайды.

Судьялық қате, сондай-ақ сот актiсiнiң күшiн жою немесе оны өзгерту, егер заңдылықтың өрескел бұзылу фактісі анықталмаса, судьяның жауаптылығына алып келмейді.

Судьяның кінәлі әрекеттеріне байланысты емес, материалдық немесе процестік құқық нормаларын дұрыс түсіндірмеуге және қолданбауға алып келген іс-әрекет судьялық қате деп танылады.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 38-1-бабының 2-тармағына сәйкес Сот жюриінің судьяға қатысты материалдарды қарауына мыналар негіз болып табылады:

1) судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін судьяға қатысты, лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін сот төрағасына немесе соттың сот алқасының төрағасына қатысты Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы;
2) облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде сот төрағасының немесе сот алқасы төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы шешімдері;
3) сот істері мен материалдарын қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі бойынша ұсыну;
4) судья әдебі жөніндегі комиссиялардың судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде судьяның әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы, сондай-ақ тексеру қорытындылары бойынша судьяның судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасау фактісі расталған масс-медиадағы, онлайн-платформалардағы, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарындағы мәліметтер бойынша шешімдері.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 39-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес судья сот iстерi мен материалдарын қарау кезiнде заңдылықты өрескел бұзуы тәртіптік жауаптылыққа тартудың негізі болып табылады.

Судьялық қате, сондай-ақ сот актiсiнiң күшiн жою немесе оны өзгерту, егер заңдылықтың өрескел бұзылу фактісі анықталмаса, судьяның жауаптылығына алып келмейді.

Яғни, судьяның заңды бұзуының өрескелдігін бағалауды жоғары тұрған сот істі апелляциялық немесе кассациялық тәртіппен қайта қарау кезінде ғана анықталады.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 1-бабының талаптарына сәйкес Сот жюриінің сот актілерін тексеруді және қайта қарауды жүзеге асыруға, сондай-ақ соттар мен судьялардың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қалайда араласуға құқығы жоқ.

Сот актілерін олардың заңдылығы мен негізділігі тұрғысынан тиісті сот процестік заңнамада көзделген тәртіппен және мерзімдерде қайта қарауы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 39-бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес судья әдебіне қайшы келетiн, атына кір келтіретін терiс қылық жасауы тәртіптік жауаптылыққа тартудың негізі болып табылады.

Судья әдебі кодексінің талаптарын бұзу судьяның тәртіптік жауаптылығы үшін негіз бола бермейтінін, тек сот билігінің беделін түсіруге әкеп соғатын және судьяның беделіне нұқсан келтіретін теріс қылықтар ғана екенін атап өткен жөн.

Бұл ретте судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық деп тануды судья тарапынан бұзушылық фактісін судьялар Одағы филиалдарының судья әдебі жөніндегі Комиссиялары жүзеге асырады.

Мұндай бұзушылықтар бойынша тексерулер жүргізу тәртібі судьялар одағы Орталық кеңесінің қаулысымен бекітілген Судьялар одағы филиалының судья әдебі жөніндегі Комиссиясы туралы ережемен регламенттелген.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 39-бабының 2 тармағына сәйкес сот төрағалары және соттардың сот алқаларының төрағалары лауазымдық мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны тәртіптік жауаптылыққа тартудың негізі болып табылады.

Сот төрағалары және соттардың сот алқаларының төрағалары тиiсiнше орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін лауазымдық міндеттер тізбесі Конституциялық заңмен көзделген. Атап айтқанда, аудандық соттар төрағаларының лауазымдық міндеттері 9-бапта, облыстық соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларынікі – 14 және 15 баптарда, кассациялық сот төрағаларынікі – 16-5 бапта, Жоғарғы Сот Төрағасы мен сот алқалары төрағаларынікі –  20 және 21 баптарында айқындалған.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 42-бабына сәйкес судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу теріс қылық анықталған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей және теріс қылық жасалған күннен бастап екі жылдан кешіктірілмей басталуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығымен бекітілген Сот жюриі туралы ереженің 46-тармағына сәйкес көрсетілген мерзімдердің аяқталуы судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтату үшін негіз болып табылады.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 38-1 бабына сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығымен бекітілген Сот жюриі туралы ереженің 24-тармағына сәйкес тексеру қорытындылары бойынша судьяның судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасау фактісі расталған масс-медиадағы, онлайн-платформалардағы, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарындағы мәліметтер бойынша шешімдері Сот жюриінің судьяға қатысты материалдарды қарауына негіз болып табылады.

Масс-медиада, онлайн-платформаларда, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде қамтылған:

1) сот актілерімен келіспеушілікті білдіретін;
2) сот істерін қарау кезінде заңдылықтың бұзылғанын көрсететін мәліметтер тексерілуге жатпайды.

Аудандық соттың судьясына, төрағасына, облыстық соттың судьясына қатысты тексеру жүргізу облыстық сотқа және Судьялар одағы облыстық филиалының Судья әдебі жөніндегі комиссисына жүктеледі.

Кассациялық соттың судьясына қатысты тексеру жүргізу кассациялық сотқа және Судьялар одағы кассациялық филиалының Судья әдебі жөніндегі комиссисына жүктеледі.

Облыстық соттың сот алқасының төрағасына, төрағасына, кассациялық соттың төрағасына, Жоғарғы Соттың судьясына, сот алқасының төрағасына қатысты тексеру жүргізу Жоғарғы Сотқа және Судьялар одағы Жоғарғы Соты филиалының Судья әдебі жөніндегі комиссисына жүктеледі.

Тәртіптік істі қарау өзіне қатысты тәртіптік іс жүргізу басталған судьяның міндетті түрде қатысуымен өткізіледі.

Судья тәртіптік істі қарауға жеке өзі, сондай-ақ өкілдерімен бірге қатысуға құқылы.

Адвокаттар, заңгерлер консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын заңгерлер консультанттары ғана судьяның өкілдері бола алады.

Судья дәлелді себеппен келмеген жағдайда (науқастануы немесе Сот жюриінің отырысына қатысуына объективті кедергі келтірген өзге де мән-жайлар) Сот жюриінің отырысы кейінге қалдырылады.

Судья дәлелсіз себеппен келмеген кезде немесе судья Сот жюриінің отырысына қатысудан бас тарту туралы жазбаша арыз берген кезде тәртіптік істі қарау оның қатысуынсыз өткізіледі.

Сот жюриінің шешіміне судья шешімнің көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Жоғары Сот Кеңесіне шағымдана алады.

Кеңес Сот жюриінің шешіміне шағым жасау туралы мәселені қарау кезінде өзіне қатысты Сот жюриі шешім қабылдаған судьяның түсініктемесін тыңдайды. Судьяның Кеңес отырысына дәлелсіз себептермен келмеуі мәселені қарауға кедергі келтірмейді. Отырыста судьяның, Кеңес хатшысының өтінішхаты бойынша шақырылған басқа адамдардың хабарлары тыңдалып, құжаттар жария етілуі және өзге де материалдар қаралуы мүмкін.

Кеңес Сот жюриінің шешіміне шағым жасау туралы мәселені қарау қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдауға құқылы:

1) Сот жюриінің шешімін негізді деп тану;
2) Сот жюриінің шешімін негізсіз деп тану және іс жүргізуді тоқтата отырып, оның күшін жою;
3) Сот жюриінің шешімін негізсіз деп тану және қайтадан қарауға жібере отырып, оның күшін жою.

Шығарылуы сот істерін және материалды қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін судьяны тәртіптік жауаптылыққа тартуға негіз болған сот актісінің күшін жоғары тұрған сот сатысы жойған немесе өзгерткен жағдайда Сот жюриі судьяның арызы негізінде тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешімнің күшін жояды және істі қайта қарайды.

Судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында және халықаралық практиканы ескере отырып, 2019 жылы Сот жюриі Жоғарғы Соттан Жоғары Сот Кеңесінің қарауына берілді. Бұл ретте Сот жюриі Жоғары Сот Кеңесінің құрамына тікелей кірмейді, ол Кеңестің жанында жеке тәуелсіз институт ретінде құрылды.

Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің қызметі тәуелсіздік, объективтілік және барынша ашықтық принциптерін қамтамасыз етуге бағытталады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің запастағы мүшелері
2021 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің тәжірибесі жөнінде ЖИЫНТЫҚТАУ
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің құрамы
Медиагалерея
1
Сот жюриі қызметі туралы
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы