"Үлкен Нарын ауданының мәдениет және демалыс орталығы" КМҚК

«Үлкен Нарын ауданының мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы» КМҚК

Директор – Оралова Гульнара Садыковна

Көркемдік жетекші – Жансұлтанов Дәулет Ерболұлы

Мәдениет орталығының негізгі міндеттері:

  1. Халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен салт-жораларды сақтау және насихаттау, оларды қазіргі заман талаптарына бейімдеу;
  2. Мәдени-бұқаралық қызмет пен халық шығармашылығы саласындағы озық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату;
  3. Облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларға (фестивальдер, байқаулар, мерекелер) қатысу арқылы халықтық шығармашылық ұжымдардың үздік жетістіктерін дәріптеу;
  4. Этномәдени бірлестіктерді қолдау;
  5. Ұлттық мәдениеттерді сақтау мен дамытуға бағытталған инновациялық мәдени жобалар мен бастамаларды қолдау.

 

Мәдениет орталығының функциялары:

  1. Концерттер, би және өзге де сахналық қойылымдар ұйымдастыру және өткізу, музыкалық топтар, оркестрлер мен ансамбльдердің жұмысын қамтамасыз ету (ЭҚЖЖ 90.01.2 – «Концерттік қызмет»);
  2. Мерекелер, презентациялар, фестивальдер, байқаулар, айтыстар, жәрмеңкелер мен халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыру (ЭҚЖЖ 93.29.9 – «Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастырудың өзге түрлері»).