"Үлкен Нарын ауданының Жастар ресурстық орталығы" КММ

«Үлкен Нарын ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  (бұдан әрі – Мекеме) өңірлік деңгейде мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуына қолдау көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Мекеме ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеуді және жастар бастамаларына қолдау көрсетуді, жастар арасындағы жағдайды мониторингтеу мен талдауды жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.

Мекеме қызметінің негізгі мақсаты: жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету болып табылады.

Мекеменің заңды мекенжайы: 070900, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Шабдан Тумашинов көшесі, 7/2 үй.