"Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ
Жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуына ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді. Жастар және жастар ұйымдары үшін әдістемелік материалдар жинағын, білім беру және басқарушылық технологияларын, семинарлар және вебинарлар материалдарын, анықтамалық ақпараттарды жасайды. Жастарға және жастар ұйымдарына құқықтық, консалтингтік, әдістемелік көмектер көрсетеді. Жастар арасында жұмысқа орналасуға ықпал ету, кәсіптік бағдар беру, волонтерлік қозғалысты және кәсіпкерлікті белсендіру бойынша жұмыстар жүргізеді. Әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына белсене қатысады. Жастар арасында туындаған мәселелерді талқылау үшін жастар саясаты саласындағы бастамаларды іске асыруға арналған диалогтық алаңдар құрады және ұсынады. Жастар жобалары мен жастар бастамаларын сүйемелдеуді және қолдауды, жастардың рухани, мәдени және шығармашылық өзін-өзі іске асырушылық және өзін-өзі ұйымдастырушылық әлеуеттерін жандандандыруды жүзеге асырады.
Мекен жайы:Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов к.,Абай алаңы, 5.