«Первомай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

«Первомай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2000 жылы құрылған. Ғимараттың жобалық қуаттылығы 105 төсек-орынға арналған.

Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметінің мәні қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.

Мекеменің қызметінің мақсаты қарттар мен мүгедектердің (бұдан әрі – қызмет алушылар) тұрақты тұруын және олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және кірігу деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарына сәйкес кепілдендірілген арнаулы әлеуметтік қызметтер көлемін ұсыну.

Мекеменің орналасқан жері: индекс 071809, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Первомайский кенті, Металлургов көшесі, 1А.
Орталықтың байланыс телефоны: 87233239400
Эл. пошта: pervomayskiymsy@mail.ru