«Зевакин арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Зевакино арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1990 жылы құрылған. Ғимараттың жобалық қуаттылығы – 310 төсек-орын. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні: қызмет алушылар үшін жасына және денсаулық жағдайына барынша барабар, үйдегіге жақындатылған тыныс-тіршілік жағдайларын жасау. Мекеме қызметінің мақсаты қарттар мен мүгедектердің (бұдан әрі – қызмет алушылар) тұрақты тұруы үшін жағдайларды қамтамасыз ету және қызмет алушылардың жеке дамуын, әлеуметтенуі мен интеграциясын арттыруға бағдарланған, олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілдік берілген көлемін ұсыну болып табылады.
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің орналасқан жері:
индекс 071805, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Зевакино ауылы, Новая көшесі, 9 үй. Телефоны 8(72332)76-2-80