«Риддер арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы » КММ
ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы » КММ 1970 жылы құрылған. Ғимараттың жобалық қуаттылығы – 720 төсек-орын. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні: психикалық бұзылулары бар 18 жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету. Қызметтің мақсаты: арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, оңалту шараларын жүргізу, қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсету, қызмет алушылардың өмір сүруі мен тұруы үшін мекемеде қолайлы психологиялық ахуал құру және көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру болып табылады.
Орналасқан жері: индекс 071304, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Перспективная көшесі, 3.
Байланыс телефоны: 8 (72336) 48400
Эл.мекен-жайы: lensk_di@mail.ru