«Өскемен балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ
Мекеме қызметінің мақсаты-жеке даму, әлеуметтену және интеграция деңгейін арттыруға бағытталған жеке қажеттіліктерді ескере отырып, балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.05.2019 ж. №238 " Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты" бұйрығына сәйкес мекемедегі арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар 1,5-тен 18 жасқа дейінгі 143 бала алады.
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер балалардың тұрмыстағы тіршілік әрекетін қолдауға, қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы қызметтерді көрсетуге бағытталған. Тамақтану және көлік қызметтерін ұсыну.
Әлеуметтік-медициналық қызметтер:
Қызмет алушылардың денсаулық жағдайын бақылау, емдеуші дәрігерлердің тағайындауына сәйкес дәрі беру, дәрігерге дейінгі көмек көрсету. Емдік дене шынықтыру сабақтарын және гидрокинезотерапия мен жүзу сабақтарын өткізу.
Әлеуметтік-психологиялық қызметтер:
Психологиялық қызметтер танымдық, эмоционалды - еріктік, жеке және әлеуметтік саланы түзетуге бағытталған.
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер:
Баланың жеке қажеттіліктеріне негізделген сенсорлық және танымдық дағдыларды, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиенаны қалыптастыру.
Әлеуметтік-мәдени қызметтер:
Тақырыптық, мәдени-ойын-сауық іс-шараларын өткізу.
Әлеуметтік-экономикалық қызметтер, әлеуметтік-құқықтық қызметтер:
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер бойынша ата-аналарға кеңес беру.
Мекен-жайы – Өскемен қаласы
Лев Толстой көшесі, 18
тел. 206-888