«Самар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

"Самар арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ 1991 жылы құрылған.

Мекеме қызметінің мәні: зейнет жасына толған адамдар, мүгедектер, жалғыз басты және үнемі бөгде адамның күтіміне мұқтаж адамдар үшін жасау.

Мекеме әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетуде.

Мекеме қызметкерлерінің жұмысы қажеттілікті толық қанағаттандыруға, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын және қызмет алушыларды әлеуметтік бейімдеудің тиімділігін үздіксіз арттыруға бағытталған.

Орталық өзіне-өзі қызмет көрсету және жүріп-тұру қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан қарттар мен мүгедектердің, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдардың тұрақты тұратын 155 төсек-орынға есептелген.

Орталықта қамқорлықтағылардың ыңғайлылығы мен жағымды эмоционалдық көңіл-күйі байланысты болатын ең ұсақ бөлшектер мұқият ойластырылған: жатқандар (паллиативтік) және өз бетінше қозғала алмайтындар үшін оңтайлы жағдайлар жасалған; функционалдық жиһазбен жабдықталған жылы және жайлы бөлмелер; қамқорлықтағылар төрт мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген, мәзірді құрастыру кезінде диетологтың ұсынымдарын ескереді; тәулік бойы медициналық қызмет көрсету, дәрігерлік тексерулер, препараттарды қабылдауды бақылау, шұғыл көмек көрсету; күрделі операциялар мен жарақаттардан кейін қалпына келтіру; толыққанды өмір сүруге ұмтылатын белсенді адамдар үшін түрлі мәдени-демалыс шаралары.

"Самар арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы " - да тұру шарттары үй жағдайларына мүмкіндігінше жақын. Әр ғимараттың жеке моншасы, душ, ванна бөлмелері, жеке жуыну бөлмелері, тұрмыстық бөлмелер, асханалар бар. Мекемеде қажетті техникамен жабдықталған кір жуу кешені бар.

Коммуналдық мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: индекс 071010, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар ауылы, Астана көшесі 111.