«Зимовьев арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Зимовьев АӘҚК орталығы" КММ 1951 жылы құрылды, 2003 жылы жобалық қуаты 210 төсек-орындық жаңа ғимарат пайдалануға берілді.
Мекеменің басты міндеттері қызмет алушылар үшін жасына және денсаулық жағдайына барынша барабар, үйдегіге жақындатылған тыныс-тіршілік жағдайларын жасау болып табылады.
Мекеме қызметінің мақсаты бірінші, екінші топтардағы психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан адамдардың тұрақты тұруы үшін жағдайларды қамтамасыз ету және қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және интеграция деңгейін арттыруға бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес оларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну болып табылады.
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 070506, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Зимовье ауылы, 93 үй.