«Бозанбай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ
«Бозанбай арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі 2013 жылы ашылған. Мекеменің жобалық қуаты 151 төсек-орынға арналған. Бағыты: 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар науқастарға арналған.
Мекеменің қызметі қызмет алушыларға үй жағдайына жақындатылған барынша барабар тыныс-тіршілік жағдайын жасау, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсетудің және қызмет алушылардың тұруының сапасы мен тиімділігін арттыру, моральді-психологиялық жайлы жағдай жасау болып табылады. Мекеме 8 түрлі арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетеді.
Мекеменің орналасқан жері: индекс 071602, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылы, 1 үй.