Жиі қойылатын сұрақтар

2021 жылдан бастап жеңілдік санатындағы балаларға тегін тамақтандыру қамтамасыз етіледі. Бұл санатқа мыналар жатады:

- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар және мүгедек балалар;

- көпбалалы отбасылардан шыққан балалар;

- атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардан шыққан балалар;

-табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар.

2025 жылдың шілде айында 2012 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысында                    № 320 өзгерістер енгізілді, ол көпбалалы отбасылардың балаларына арналған балабақшадағы тамақтандыру шығындарын өтеу мәселесіне қатысты.

Енді тегін тамақтандыру құқығына ие көпбалалы отбасылардан шыққан балалар:

- атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын балалар;

- АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен балалар.