Өскемен қаласы әкімдігінің «Самғау» мәдени қызметті және бұқаралық спортты дамыту орталығы» КМҚК
Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) жаппай спортты және мәдени ойын - сауықтар, фестивальдер, байқаулар, көрмелер, салтанатты қабылдаулар және шығармашылық қызметтің басқа да түрлерін, сонымен бірге денешынықтыру – сауықтыру және түрлі спорт шараларын ұйымдастыру, өткізу;
2) республикалық, облыстық, аймақтық, халықаралық фестивальдер, байқаулар мен мерекелерге үздік халық шығармашылығы ұжымдарының және дарынды тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету;
3) алыс және жақын шетелдердің шығармашылық ұжымдары, әншілері, дирижерлері және басқа да өнер саласы өкілдерімен шығармашылық ынтымақтастық орнату. Іссапармен келген өнер өкілдерін жол (әуе жолы, теміржол, автокөлік), тамақ, жатын орынмен қамтамасыз ету;
4) дарынды жастарды (режиссерлер, сценарий жазушылар, әншілер) вокалды – аспаптар ансамбльдері, шығармашылық бірлестіктердің жетекшілері, мерекелік бағдарламалардың ұйымдастырушылары мен жүргізушілеріне және т.б. қолдау көрсету;
5) заңды және жеке тұлғалар спортпен, дене мәдениетімен шұғылданулары үшін инфрақұрылымдар құру;
6) жұртшылық демалыс орындарында спортпен, дене мәдениетімен айналысулары үшін денешынықтыру және спорт мекемелері арнайы орынжай бөліп, спорт құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету;
7) денешынықтыру - сауықтыру және спорт орынжайларын тиісті техникалық құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету;
8) спорт және сауықтыру нысандарын, мәдениет саябақтарын және демалыс орындарын пайдалануға беру;
9) ересектер мен балалардың қызығушылықтары бойынша әуесқойлар клубтары мен бірлестіктерінің, шығармашылық ұжымдар мен үйірмелердің жұмыстарын ұйымдастыру;
10) көркем қолөнер бұйымдарын жасауды дамыту: кәдесыйлар, ұлттық музыкалық аспаптар және халық шығармашылығы туындыларын жасау, реквизиттер дайындау, ұлттық және сахналық киімдер тігу;
11) ән және аспапты композиция жазу, әуенмен әрлеу, музыкалық материалдар туралы мәліметтер жинау және компакт – дискіге жазу, бейне және аудиороликтерді дыбыстау;
12) ақылы концерттер, ойын-сауықтар, қойылымдар, думанды бағдарламалар
ұйымдастыру;
13)Шараларды өткізу кезінде дауыс қатайтқыш, жарықтандыру, сахналық құрал – жабдықтармен және басқа да техника түрлерімен қамтамасыз ету;
14)Кәсіпорын жүзеге асыратын тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) бағасын Басқару органы белгілейді. Мемлекеттік лицензиялауға жататын қызметі сәйкес лицензиясы болған жағдайда жүзеге асырылады.
15) Құрылған кәсіпорынның мақсаттарына сай келмейтін қызметтермен Кәсіпорынның айналысуға құқығы жоқ.