Өскемен қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық» КММ
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Белоусовка кенті, Пушкин көшесі 59А.
тел: 8 (72331) 3-10-10, e-mail: gu-csa@mail.ru
Мекеме жұмысының мақсаты:
Стандартқа сәйкес өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету (белгілі тұрағы жоқ адамдарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан және пробация қызметінің тіркеуінде тұрған адамдарға).
Орталық келесі арнаулы әлеуметтік қызметтер турлерін көрсетеді:
Әлеуметтік-тұрмыстық
Әлеуметтік-медициналық
Әлеуметтік-психологиялық
Әлеуметтік-еңбек
Әлеуметтік-құқық
Әлеуметтік-экономикалық
Әлеуметтік-мәдени
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер:
- қызмет алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру;
- төсек орын ұсыну, төсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттарымен, іш киіммен қамтамасыз ету;
- жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге жәрдемдесу;
- киімді, іш киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау;
- тұрмыстық өз-өзіне қызмет көрсету үшін жағдай жасау (жеке киімдері мен киімдерін
жуу, кептіру, үтіктеу);
- көзделген тамақтану нормаларына сәйкес үш рет тамақ беру.
Әлеуметтік-медициналық қызметтер:
- алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргізу;
- дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету, емделуге мұқтаж қызмет алушыларды
- денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және ілесіп жүруге жәрдемдесу;
-медициналық-әлеуметтік мекемелерге жіберу үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу;
- тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
- дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сәйкес
протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- арнайы маманның медициналық консультация беруіне жәрдемдесу.
Әлеуметтік-еңбек қызметтер:
- қызмет алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп-тексеру жөнінде іс-шаралар жүргізу;
-қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысу;
- кәсіби бағдарлау;
- бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру.
Қызмет алушылардың бейімдеу шаралардың бірі еңбек терапиясы болып табылады. Еңбек дағдыларын зерттеу, майлау, тігін және токарлық іс сияқты қол жетімді кәсіби дағдыларға үйрету, бақша мен шеберханадағы жұмыстарға, аумақты көгалдандыру, ғимаратты жинау бойынша қоғамдық-пайдалы жұмыстарға қатыстыру.
Еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында қызмет алушыларға, олардың жеке қажеттіліктеріне қарай қызмет алушылардың жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге жәрдемдесетін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады.
Қызмет алушылардың еңбек дағдыларын зерттеп тексеру жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесін, қызмет алушылардың физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп жүргізіледі.
Әлеуметтік-психологиялық қызметтер:
- психологиялық диагностика және жеке адамды тексеру;
- әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
- қызмет алушылармен психологиялық алдын алу жұмыстары;
- психологиялық консультация беру;
- психологиялық тренингтер.
Жоғалтылған әлеуметтік мәртебені қалпына келтіру үшін әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету маңызды рөл атқарады. Психологиялық көмек олардың дағдарыс жағдайынан шығу үшін физикалық, рухани, жеке, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруға, туындаған проблемалар мен қиындықтарды өз бетімен шешу үшін, қолайлы ауқымының кеңейгеніне, өз-өзіне сенімділігін нығайтуға жәрдемдеседі. Психологтың жұмысында жан-жақты тақырыптарға топтық пікірталас әңгімелерді жүргізу тиімді жиі қолданылатын әдіс болып табылады. Соның нәтижесінде қақтығыстарды жою және алдын алу үшін тұлғааралық қатынастарды жөнге салу бойынша көмек алады. Қызмет алушылардың психикалық және физикалық денсаулықтарын қалпына келтіру үшін, орталықта сенсорлық бөлме жұмыс істейді.
Әлеуметтік-мәдени қызметтер:
- мерекелер мен демалыс іс-шараларын ұйымдастыру;
- клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
-қызмет алушыларды бос уақыт іс-шараларына, мәдени-патриоттық іс-шараларға қатысуға тарту.
Орталықта жүретін қызмет алушыларға бос уақыттарын ұйымдастыру мақсатындаәлеуметтік- мәдени қызмет көрсету қарастырылған, кітапхананың болуы. Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету аясында орталықта мерекелер, сайыстар, туған күн иелерін құттықтау, тақырыптық әңгімелер мен кештер, қарым-қатынас сағаттары өткізіледі, тақырыптық сөрелер мен газеттер ресімделеді.
Қызмет алушылардың негізгі бос уақыттарын кітап оқу құрайды: ол әр-түрлі әдебиет, журналдар, газеттер және т.б.
Әлеуметтік-экономикалық қызметтер:
- тиісті жәрдемақыларды, зейнетақы және басқа да төлемдерді алуға жәрдемдесу.
Әлеуметтік-құқықтық қызметтер:
- заңгерлік кеңес беру және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және көмек алу құқықтарына байланысты мәселелер бойынша құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
- заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
- стационарлық үлгідегі ұйымдарға қарттар мен мүгедектерді орналастыру үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу ; ;
- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе оларға қысым жасайтын ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініштер дайындауға және беруге көмек көрсету;
- заң көмегін көрсету және заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу.
Орталықтың бөлімшелері
Түнде болу бөлімшесі
Қаңғыбастық өмір салтын өзгерткісі келмейтін БТЖ адамдарға тәуліктің түнгі уақытында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған. Бөлімшенің қызметіне:
- ыстық тамақпен қамтамасыз етілмей тәуліктің түнгі уақытында (жылдың жазғы уақытында сағат 21-ден 9-ға дейін, қысқы уақытта сағат 18-ден 10-ға дейін) төсек орын жабдықтарымен төсек орын беріледі;
- медициналық тексеруден және санитарлық өңдеуден өту;
- іш киімді, киімді, жеке заттарын, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау;
-санитарлық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитарлық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
«Әлеуметтік патруль» мобильдік қызмет
Диспетчердің телефоны: 8-72331-5-37-94
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж белгілі тұрағы жоқ адамдарды тәуліктің күндізгі уақытында, күн сайынғы рейдтер арқылы олардың көшеде өмір сүру орындарынан табуға және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін орталыққа жеткізуге арналған.
Бөлімшенің қызметіне:
- көмекке мұқтаж белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды бейімдеу орталығына және түнде болу бөлімшесіне жеткізу;
- алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргізу;
- дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету;
- жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру бойынша Орталықта арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін алудың тиімділігі жөнінде БТЖ тұлғалармен профилактикалық әңгімелесуді жүргізу жатады.