Бюджеттің атқарылуы бөлімі

Облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша жұмысты ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы бойынша облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру. Бюджеттің атқарылуын мониторингілеу мен талдауды жүзеге асыру. Облыс бюджетінің атқарылуы туралы есепті, бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша облыс бюджетінің атқарылуы туралы талдамалық есепті, республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің, нысаналы даму трансферттері мен кредиттердің іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептерді қалыптастыру. Облыстық бюджеттің, жоспарланатын жылға арналған облыс бюджетінің түсімдері мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру бойынша іс-шаралар жүргізу. Жергілікті атқарушы орган резервінің қаражатын пайдалануды есепке алу. Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту бойынша облыстық мәслихат сессиясына, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тапсырмалары бойынша облыстық әкімдік мәжілісіне құжаттар дайындау.