Мемлекеттік органдардың шығыстарын мониторингілеу бөлімі

Облыстық бюджетті атқару және мемлекеттік органдардың, қорғаныс, құқық тәртібі, білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру, спорт, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мекемелерінің облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру жөніндегі бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Бюджет қаражатының игерілуіне мониторинг жүргізу және талдау. Облыстың мемлекеттік мекемелерінің жеке қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақша қаражатының түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарларын қаражаттың түсу көздерінің заңдылығына, кірістердің толық және дұрыс есептелуіне, қаражаттың мақсатты бағытталуын тексеру. Мемлекеттік органдар, қоғамдық тәртіп және облыс қауіпсіздігі бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуы бойынша жылдық есепке желі бойынша есеп құру. Корпоративтік төлем карточкасын, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотын қолдана отырып есеп айырысуды жүргізу үшін ұлттық валютада ағымдағы шот ашуға мемлекеттік мекемелерге рұқсат беру. Төтенше жағдайлар бойынша облыс әкімінің резервінен қаражат бөлу туралы облыс әкімдігінің қаулылары мен облыс әкімінің резервінен қаражат бөлуге қорытындылар дайындау.