Жиі қойылатын сұрақтар
"Ауыл Аманаты" бағдарламасы бойынша микрокредит алу үшін микрокредит алу үшін Қағидаларға № 1 қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесімен сенім білдірілген өкілге (агентке) жүгіну қажет. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) микрокредит алуға үміткер ұсынған құжаттар мен мәліметтердің мазмұнын тексеру мерзімі құжаттар тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күнін құрайды. Құжаттар мен олардағы мәліметтер микрокредит беру шарттарына сәйкес келмеген жағдайда сенім білдірілген өкіл (агент) қайтару себептерін көрсете отырып, микрокредит алуға арналған құжаттар топтамасын қайтарады. Құжаттар мен олардағы мәліметтер микрокредит беру шарттарына сәйкес келген жағдайда сенім білдірілген өкіл (агент) үміткердің құжаттары тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде ұсынылған жобаға бағалау жүргізеді және микрокредитті мақұлдау не беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Қаржыландыру шартының талаптарына сәйкестігіне оң баға алған өтінімдер кредиттік комитеттің қарауына және шешіміне жіберіледі. Кредиттік комитеттің отырысы қарыз алушылардың құжаттарының дайындығына қарай өткізіледі. Кредиттік комитет микрокредит беру туралы шешім қабылдағаннан кейін микрокредит беру үшін іріктелген үміткер микрокредит беру туралы шартқа, Сенімгермен және сенім білдірілген өкілмен кепіл шартына қол қояды. Кепіл шартын уәкілетті органда тіркегеннен кейін сенім білдірілген өкіл 5 жұмыс күні ішінде микрокредит сомасын оның ағымдағы шотына аударады. Қарыз алушы қаражатты нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және сенім білдірілген өкілге микрокредитті алған күннен бастап 90 күнтізбелік күн ішінде микрокредиттің нысаналы пайдаланылғанын растайтын құжаттарды беруге міндетті. Микрокредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланудың растайтын құжаттары мерзімінде ұсынылмаған жағдайда, микрокредит нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған болып есептеледі. Қарыз алушы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша несие қаражатын пайдалануға міндетті.
Қаңғыбас иттерді аулауға рұқсат етіледі. Облыс аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және олардың санын реттеу «Ветеринария туралы» және «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Процесс Жануарларды аулау, уақытша ұстау және өлтіру ережелерімен реттеледі.
Бұл шаралардың орындалуын бақылауды ШҚО ветеринария басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары жүзеге асырады, ал жануарларды аулау жөніндегі бригадалар белгіленген кесте бойынша тұрақты сапарлармен жұмыс істейді.
Бруцеллезбен ауыратын жануарлар анықталған кезде қаланың, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы сараптама актісі (сынақ хаттамасы) негізінде:
1) жануарлар иелеріне жануарларға санитариялық тазалау, санитариялық сою жүргізу туралы нұсқама береді;
2) 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзім ішінде ауру жануарларды санитариялық сою үшін жануарларды союды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне (ет комбинаты, сою пункті) жібереді.
Санитариялық союды жүзеге асыру үшін қала, аудан бөлімшесі сою объектілерінің басшыларымен бірлесіп, бруцеллезбен ауыратын жануарларды сою үшін аптасына бір санитариялық күн белгілейді.
Агрессивті қаңғыбас иттер табылса, жануарларды аулау қажеттілігі туралы өтінішпен қалалар мен аудандардың ветеринария саласындағы кәсіпорындарға хабарласу қажет. Егер мәселе шешілмесе Сіз шағым беруге құқығыңыз бар. Шағым актісіне, әрекетіне/әрекетсіздігіне шағым жасалған органға беріледі. Шағым әкімшілік актіні қабылдау туралы немесе іс-әрекеттің/ әрекетсіздіктің жасалуы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей беріледі. Шағымда жағдайды егжей-тегжейлі сипаттау, өтініш жасалған күнді және Сіз жүгінген ұйымның атауын көрсету ұсынылады. Бұл қажетті шараларды қарастыру және қабылдау процесін жеделдетуге көмектеседі.
Толық жауап
Өтініш қайда тапсырылады:
Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40.
Өтініш беру тәсілдері:
- жеке өзі немесе өкілі арқылы;
- пошта байланысы арқылы;
- электронды түрде e-Otinish порталы арқылы.
Өтініште міндетті түрде көрсетілуге тиіс мәліметтер:
- өтініш берушінің аты-жөні / заңды тұлғаның атауы, байланыс деректері;
- жер учаскесінің координаттары (WGS-84 жүйесінде);
- орналасқан жері (ауданы, бағдарлық нүктелері);
- жер учаскесінің алаңы (500 м²-ден 5 гектарға дейін);
- пайдалану мақсаты — кен ізденушілік (старательдік) қызмет жүргізу.
Ұсынылатын қосымша құжат: координаттары көрсетілген жер учаскесінің схемасы.
Өтінішті қарау кезеңдері:
- Өтінішті тіркеу.
- Өтініштің Кодекстің 25-бабы, 19-бабының 3-тармағы және 269-бабының талаптарына сәйкестігін тексеру.
- Мемлекеттік органдармен ведомствоаралық келісімдер жүргізу (қажет болған жағдайда). Шығыс Қазжерқойнауының өңіраралық департаменті, ШҚО экология департаменті, ШҚО жер қатынастары басқармасы.
- Облыс әкімдігі жер учаскесін қаулымен бекіту немесе заңнама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бас тарту шешімдердің бірін қабылдайды:
Әкімдік қаулысы қабылданғаннан кейін жер учаскесі кен ізденушілік (старательдік) қызметке рұқсат етілген аумақтар тізбесіне енгізілген болып есептеледі.
Нормативтік талаптар
Кодекстің 25-бабы — кен ізденушілікке тыйым салынған аумақтар
Бұл бапта кен ізденушілік қызметке жол берілмейтін аумақтар көрсетілген. Атап айтқанда:
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (қорықтар, ұлттық парктер және т.б.);
- қорғау аймақтары (тарихи-мәдени мұра объектілері, инженерлік құрылыстар маңы);
- рекреациялық аумақтар (демалыс, курорт, туристік аймақтар);
- санитариялық-қорғау аймақтары;
- заңнамада тыйым салынған өзге де аумақтар.
Егер жер учаскесі осы санаттардың біріне кірсе, онда кен ізденушілік қызметке жол берілмейді.
Кодекстің 269-бабы — жер учаскесінің көлеміне қойылатын талаптар
- ең аз көлемі — 500 м²;
- ең көп көлемі — 5 гектар.
Сонымен қатар жер учаскесінің шекаралары координаттар арқылы нақты белгіленуге және тыйым салынған аумақтармен қабаттаспауы тиіс.
Кодекстің 19-бабының 3-тармағы — жер учаскесінің шекараларын белгілеу тәртібі
Жер қойнауын пайдалану учаскесінің шекаралары:
- нақты әрі дәл белгіленуі;
- координаттармен бекітілуі;
- басқа учаскелермен және шектеу аймақтарымен қиылыспауы тиіс.
Мысал:
Азамат Иванов Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына келесі мәліметтермен өтініш береді:
- жер учаскесінің координаттарын (мысалы, 49.1234 N, 82.5678 E) және алаңы 3 гектар екенін көрсетеді;
- учаскенің орналасу схемасын және россыпты бағалы металдарды қолмен өндіру жоспарланғаны туралы түсіндірме жазады;
- тексеру нәтижесінде учаскенің ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналаспағаны және рұқсат етілген ең жоғары көлемнен аспайтыны анықталады → бұл жағдайда жер учаскесі әкімдік қаулысымен бекітіледі.
C5 визасын және оны ұзартуға өтінішхат алуға кімдер құқылы
C5 «бизнес-иммигрант» визасы — Қазақстанда бизнес ашуды немесе дамытуды жоспарлаған шетел азаматтарына арналған виза.
«Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес, бизнес-иммигрант:
- кәмелет жасқа толған болуы тиіс;
- елге кірген күннен бастап 2 ай ішінде ЖШС (ТОО) немесе ЖК тіркеуі не қолданыстағы қазақстандық компанияның құрылтайшыларының қатарына кіруі тиіс;
- жарғылық капитал енгізіп, қызметін бастауы қажет.
Осы талаптар орындалғаннан кейін ғана шетелдік кәсіпкер C5 визасын ұзарту үшін әкімдіктен өтінішхат алуға жүгіне алады.
Әкімдік өтінішхатын алу үшін негізгі талаптар
Өтінішхат бастапқы бір реттік C5 визаны көп реттік визаға ұзарту үшін қажет.
Әкімдікке мынадай құжаттар тапсырылады:
- Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының атына өтініш.
- Шетел азаматының паспорты (салыстыру үшін түпнұсқасы).
- Бастапқы C5 визасының немесе уақытша тұруға рұқсаттың (РВП) көшірмесі.
- Бизнес-жоспар, оның ішінде:
- қызметтің мақсаттары мен бағыттары,
- жоспарланған инвестициялар,
- даму перспективалары,
- жоспарланған қызметкерлер саны.
- Қазақстан Республикасында заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын анықтама.
- Өкілге сенімхат (егер құжаттарды ҚР азаматы тапсырса).
Әкімдік жобаның шынайылығы мен экономикалық өміршеңдігін бағалайды. Оң шешім қабылданған жағдайда өтініш берушіге көші-қон қызметі үшін өтінішхат беріледі.
Өтінішхат алынғаннан кейін не болады
Одан кейін шетел азаматы ҚР ІІМ көші-қон қызметіне мына құжаттарды тапсырады:
- өтініш-сауалнама;
- паспорт және оның көшірмесі;
- фотосурет;
- әкімдіктің өтінішхаты;
- медициналық сақтандыру;
- соттылығы жоқ екені туралы анықтама (қажет болған жағдайда);
- тұратын мекенжайын растау құжаты.
Құжаттар 15 жұмыс күніне дейін қаралады. Оң шешім қабылданған жағдайда, әдетте 2 жылға дейінгі мерзімге көп реттік C5 визасы беріледі.
Маңызды
Егер бизнес-иммигрант міндеттемелерін орындамаса (компания тіркелмесе, капитал енгізілмесе, қызмет басталмаса), әкімдік бұл туралы көші-қон органдарына хабарлауға құқылы. Бұл визаны ұзартудан бас тартуға немесе елде болу мерзімін қысқартуға негіз болады.
Мысал
Илья — шетел азаматы, 90 күнге бір реттік C5 визасын алып, Қазақстанға кірді.
2 ай ішінде ол:
- ЖШС жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (LLP) тіркеді;
- жарғылық капиталды қазақстандық банктегі есепшотқа енгізді;
- бизнес-жоспар дайындады (инвестиция көлемі, даму жоспары, қанша қызметкер алатыны).
Осы құжаттарды Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына тапсырып, C5 визасын ұзарту үшін өтінішхат сұрады. Әкімдік бизнес-жоспарды қарап, оң қорытынды жасап, өтінішхат берді. Сол құжатпен Илья көші-қон қызметіне жүгініп, 10–15 жұмыс күнінен кейін 2 жылға дейінгі мерзімге көп реттік C5 визасын алды.
Назар аударатын жайттар
- Құжаттарды визаның мерзімі аяқталмай тұрып алдын ала тапсыру қажет.
- Компания қызметі нақты болуы тиіс: бухгалтерия, салық, есептілік жүргізілуі керек.
- Әлсіз немесе толық емес бизнес-жоспар әкімдік тарапынан өтінішхат беруден бас тартуға негіз болуы мүмкін.
1-санат: Қызметкерлердің кемінде 50%-ын (және кемінде 2 адамды) ТӘОТ қатарынан жұмысқа қабылдайды.
2-санат: ТӘОТ өндірген тауарлар мен қызметтердің өткізілуіне жәрдемдеседі. Бұл қызметтен түскен табыс жалпы табыстың кемінде 50%-ын құрауы тиіс.
3-санат: ТӘОТ үшін арнайы тауарлар немесе қызметтер өндіреді, оларға тең мүмкіндіктер береді. Табыстың 50%-дан астамы осы қызметтен түсуі шарт.
4-санат: Қызметі қоғамдық пайдалы мақсаттарға бағытталған: балаларға, қарттарға көмек, сауықтыру, психологиялық-педагогикалық қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау және т.б. Бұл қызметтен түскен табыс жалпы табыстың кемінде 50%-ын құрауы қажет.
Өтініштерді қабылдау тоқсан сайын тиісті айдың 1-15 аралығында жүргізіледі. Құжаттар ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында қабылданады, мекенжайы: Өскемен қ., М. Горький көшесі, 40, телефон: 8 (7232) 71-32-65. Қабылдау туралы ақпарат басқарманың ресми сайтында және Instagram, YouTube — @upiir_vko әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып егер олардың тіркелгеніне кемінде бір жыл өткен болса ірі кәсіпкерлік субъектілерінен басқа, тек жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар танылады. Міндетті шарт – әлеуметтік кәсіпкерліктің төрт санатының біріне сәйкес келуі.
Құрылыс лицензиясын алу үшін Сізге: «Электрондық лицензиялау» порталына кіріңіз немесе тіркеліңіз. «Қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылған «Электрондық лицензиялау» порталының бетінде пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтінімді
толтырыныз.
Өтініште келесі мәліметтер болуы тиіс:
1) өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;
2) өтініш иесі пайдалануға беру үшін сұрап отырған кен іздеушілік учаскесін айқындайтын, бұрыш нүктелерінің географиялық координаттары бар және жалпы алаңы көрсетілген масштабтағы кен іздеушілік аумағына нұсқау.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) өтініш иесі бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдаланылуы жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтың тізбесін, сондай-ақ кен іздеушілік учаскесінде жүргізілуі жоспарланып отырған кен іздеушілік жөніндегі жұмыстың түрлері мен тәсілдерінің сипаттамасын қамтитын құжат;
2) аумағына осы тармаққа сәйкес өтініш берілетін жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімі;
3) егер өтініш беруші кен іздеушілікке арналған лицензия қолданысының алғашқы жылы ішінде механикаландыру құралдарын пайдалануға ниет білдірсе, кен іздеушілік жоспары.
Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыруға тиіс.
Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде толтыруы тиіс.