Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы

1) халықты жұмыспен қамтылу жағдайын бағалауды және дамуын болжауды жүзеге асырады, халықты еңбек нарығы жағдайы туралы ақпараттандырады;

2) Заңмен көзделген жұмыспен қамтудың белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтудың қосымша шараларын іске асырады;

3) өтініш берген адамдарды жұмыс іздеп жүргендер және жұмыссыз ретінде тіркейді;

4) жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама береді;

5) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен жұмысын жоғалу жағдайына әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті халықты жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тізбедегі құжаттарды қабылдайды және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

6) әлеуметтік кәсіби бағдар бойынша қызметтер көрсетеді;

7) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдем көрсетеді, жұмысқа орналасу үшін жолдамалар береді;

8) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

9) жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;

10) Бағдарламаға қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуына және шарттары орындалмаған кезде «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңнамаға сәйкес санкциялардың қолданылуына мониторингті жүзеге асырады;

11) еңбек делдалдығын көрсетеді және Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі;

12) азаматтарды Бағдарламаға қатысу мәселері бойынша хабардар етеді және консультациялық қызметтер көрсетеді, құжаттар дайындауда көмек көрсетеді, үміткерлердің қажеттіліктерін зерделеу мақсатында олармен консультация өткізеді,

үмiткерлердiң әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына бағалау жүргiзеді, олардың құжаттарын қабылдайды;

13) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына әлеуеттi қатысушыларды iрiктеуді және бөлуді жүзеге асырады;

14) жергілікті еңбек нарығындағы жұмыс күшіне қажеттілікті айқындайды және мониторинг жүргізеді;

15) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;

16) жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізеді;

17) Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

18) «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі арқылы Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына және міндетті зейнетақы жарналарының болуына мониторингті жүзеге асырады;

19) еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін тартады.

Жарғы