GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
28 июля 2026
«Шығыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әзірлеген 2025 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндаманы ұжымдық жиналыста талқыланды

«Шығыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әзірлеген 2025 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндаманы ұжымдық жиналыста талқылап, оны алдағы жұмыстың маңызды стратегиялық бағдары ретінде қабылдады.

📌 Басқарма қызметінде келесі бағыттарға басымдық берілген:

✅ «Адал азамат» қағидаттарын және қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтау;

✅ Мүдделер қақтығысының алдын алу және заңнама талаптарын жүйелі орындау;

✅ Комплаенс-бақылау мен түсіндіру жұмыстарын күшейту;

✅ Мемлекеттік қызметтердің ашықтығын, сапасын және қолжетімділігін арттыру.

Басқарма алдағы уақытта да заңдылық, ашықтық және адалдық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

Рухани жаңғыру
05 июля 2026
Ұлттық домбыра күні – рухани жаңғыру белгісі
Ұлттық домбыра күні 2018 жылы ресми бекітіліп, жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде тойланады. Бұл күн халқымыздың төл өнерін ұлықтауға және мәдени құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған. Домбыраның құрылысы мен орындаушылық дәстүрі аймақтарға байланысты төкпе және шертпе күй мектептері болып бөлінеді. 2014 жылы домбыра мен күй орындау дәстүрі ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді. Қазіргі уақытта домбыра тек дәстүрлі музыканың ғана емес, заманауи жанрлардың да ажырамас бөлігіне айналып, ұлттық кодты сақтаудың басты құралы ретінде қызмет етуде.
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
17 июня 2026
Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерінің қоғамдық талқылауы болатынын хабарлаймыз

«Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2026 жылғы 24 маусым сағат 11.00-де Борис Керімбев көшесі, 19-үй, 512-бөлмеде Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерінің қоғамдық талқылауы болатынын хабарлаймыз. Талқылауға қатысуға ниет білдірушілер болса Басқарманың 8 (7232) 401-063 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.

23 октября 2025
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Беккужина Мира Есенғазықызы Дін істері басқармасының қызметкерлерімен «Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасы» тақырыбында тренинг өткізіліп, қызмет барысында сақталуы тиіс этикалық талаптар туралы кеңінен түсіндіріп өтті

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Беккужина Мира Есенғазықызы Дін істері басқармасының қызметкерлерімен «Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасы» тақырыбында тренинг өткізіліп, қызмет барысында сақталуы тиіс этикалық талаптар туралы кеңінен түсіндіріп өтті.
Тренингтің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасы мен қызметтік мінез-құлық мәдениетін арттыру.
Тренинг интерактивті пікірталас, “миға шабуыл” әдісі арқылы нақты мәселелерді шешуде шағын топтардағы ситуациялық жағдайлар мен кейстерді шешу бойынша өткізілді. Тыңдаушылар әріптестерімен өз жұмыс тәжірибелерімен белсенді бөлісті.
Қатысушылар семинар соңында мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін арттыру бойынша ұсыныстар әзірледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
13 октября 2025
Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерінің қоғамдық талқылауы болатынын хабарлаймыз

«Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2025 жылғы 23 қыркүйек сағат 11.00-де Карл Либкнехт көшесі, 19-үй, 512-бөлмеде Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерінің қоғамдық талқылауы болатынын хабарлаймыз. Талқылауға қатысуға ниет білдірушілер болса Басқарманың 8 (7232) 208-971 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.

03 октября 2025
Терроризм және экстремизм баптары бойынша қылмыстық және әкімшліктік жазалар
15 сентября 2025
«Altai Invest–2025»

Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8

Өтетін күні: 2025 жылғы 26 қыркүйек

«Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында қатысушыларға инвестициялық бастамаларды іске асыру тетіктерін, сондай-ақ Шығыс Қазақстан аумағында бірлескен бизнес-идеяларды құру перспективаларын талқылау мүмкіндігі ұсынылады.

Форум бағдарламасында өзекті мәселелер бойынша B2B кездесулер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың көрмесі, пленарлық отырыс, панельдік сессиялар, сондай-ақ меморандумдар мен келісімдерді қол қою рәсімдері өтеді.

Форумның мақсаты:

Форумды өткізу мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық және экспорттық әлеуетін жан-жақты таныстыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылау, экономиканың негізгі салаларында жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру, сондай-ақ аймақты халықаралық аренада сенімді және тартымды серіктес ретінде ілгерілету.

Форумның міндеттері:

Ортақ бастамаларды жүзеге асыру және институционалдық диалогты дамыту арқылы өзара тиімді экономикалық қатынастарды орнату мен достық серіктестік байланыстарды нығайту үшін қолайлы жағдай жасау.

Халықаралық, өңіраралық және шекаралас инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, тікелей инвестициялардың өсуін ынталандыру және өзара туризм алмасуын дамыту.

Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және транзиттік тасымалдардың көлемін арттыру мен өңіраралық көлік дәліздеріне интеграцияны қоса алғанда, көлік-логистикалық серіктестікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру.

Форумға Қытай Халық Республикасы, Түрік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері, Ресей Федерациясының Бас консулы, Ресей Федерациясы Федералдық Одақ Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдері, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының өңірлері, Моңғолияның Хов аймағы өкілдері, шетелдік және қазақстандық компаниялар, сондай-ақ АҚШ, Германия Федеративтік  және Қытай Халық Республикасынан блогерлер, қаржылай институттар, квазимемлекеттік ұйымдар және т.б. қатысады.

 

«Altai Invest-2025» Халықаралық инвестициялық форумының БАҒДАРЛАМАСЫ

2025 жылғы 26 қыркүйек, Өскемен қаласы,
Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8

09 сентября 2025
Шығыс Қазақстан облысының діни бірлестіктер жетекшілері Клубының кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының діни бірлестіктер жетекшілері Клубының кезекті отырысы өтті. Кездесу барысында қатысушылар бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.
Отырыста сындарлы атмосфера қалыптасты.
Клуб мүшелері рухани құндылықтар мен конфессияаралық келісімді нығайту бағытында жұмысты жалғастырады.

08 сентября 2025
Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 2025 жылғы 27 тамызда өзгерістер енгізілді

"Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 20 тамыздағы № 404-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 25 тамызда № 36676 болып тіркелді

05 сентября 2025
4 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының басшысы Ж. Мекеева кезекті азаматтарды қабылдауды өткізді

4 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының басшысы Ж. Мекеева кезекті азаматтарды қабылдауды өткізді. Қабылдау барысында дін саласындағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша, соның ішінде «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызметті көрсету бойынша түсініктемелер берілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы