Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

ОҚУ ОРНЫНЫҢ ТАРИХЫ:

1991-1998 жылдар - политехникалық бағыттағы облыстық қазақ лицей-интернаты:

ҚазССР Халық депутаттары Шығыс Қазақстан облыстық советі атқару комитетінің (төрағасы А.С.Омаров) 1991 жылғы 02 тамыздағы «Политехникалық бағыттағы қазақ лицей-интернаты ашу туралы» Жарлығы бойынша 1991 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Өскемен қаласындағы Ленин атындағы мектеп-интернаттың негізінде политехникалық бағыттағы лицей-интернаты ашылды және облыстық халыққа білім беру басқармасы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетімен бірлесе отырып, лицей-интернатының 7-10 сыныптарына оқушылар іріктеп, қабылдауды бастады.

Политехникалық бағыттағы облыстық қазақ лицей-интернатының директоры болып, КСРО және ҚазКСР  халыққа білім беру үздігі, ҚР Білім министрлігінің мақтау грамотасының иегері Казыкенов Жәдігер Есімханұлы тағайындалды.

Политехникалық бағыттағы облыстық қазақ лицей-интернатының мақсаты: “Жақын және шалғай аудандардың дарынды және қабілетті оқушыларын іріктеп, политехникалық пәндерді тереңдетіп оқыту”. Бағыты: физика-математика, химия-биология, қазақ тілі, әдебиеті. Тереңдету пәндерінен жоғары оқу орындарының оқытушылары дәріс берді.

Политехникалық бағыттағы облыстық қазақ лицей-интернатын 85 оқушы “Үздік” аттестатқа аяқтады. 

1999-2004 жылдар  - “Шығыс Қазақстан техника-экономикалық  12 жыл оқытатын лицей-колледж-интернаты”

Мақсаты:

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру және ауылдық жерлердерде кіші және орта бизнес мамандарын даярлау

Еңбек нарқының күрт өзгеруіне байланысты әлеуметтік жағдайы төмен, ауылдық жердің жастарынан сауатты, сапалы мамандар даярлау

Лицей-колледж-интернатында даярланған мамандықтар: «Экономика, бухгалтерлік есеп, аудит(салалар бойынша)», «Маркетинг(салалар бойынша)»

Шығыс Қазақстан техника-экономикалық  12 жыл оқытатын лицей-колледжді “Үздік” дипломмен аяқтаған түлектер  саны - 37

2005 жылдан бастап Шығыс  Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған облыстық  мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп-лицей-интернатының мақсаты:

Лицей-интернат жағдайында әр оқушының жеке өзіндік қабілетін, талантын дамыту арқылы бәсекеге қабілетті, өзін-өзі жетілдіре алатын жан-жақты  тұлға тәрбиелеу.

Міндеті: Білімді, зиялы, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын  өмірге бейімді, бәсекеге қабілетті тұлға даярлау.

Дарынды тұлғаның  сабақтан тыс іс-әрекеті, өзін-өзі жетілдіруі техникалық, қоғамдық, эстетикалық шығармашылық даму бағыттары арқылы іске асырылады.

 

Лицейде математика, физика пәндері тереңдетіле оқытылады.

Бәсекеге  қабілетті, дарынды  тұлға  даярлауда әдістемелік деңгейі жоғары, білімді, білікті ұстаздар сабақ береді.

Лицейіміз білім сапасы, ҰБТ нәтижесі, мемлекеттік грант иегерлерінің саны бойынша республикадағы ең үздік мектептер қатарында. Лицеистер облыстық, республикалық, халықаралық білім сайыстарының жеңімпаздары.

 

Мектеп-лицей-интернатының жетістіктері:

2015-2016 оқу жылы:

Түлек саны:  41

Мемлекеттік грант иегерлері: 39

Алтын Белгі иегерлері:  3

ҰБТ орташа балы: 102,3

ҰБТ ең жоғарғы балл көрсеткіші: 120

Облыстық пән олимпиадасы: 17

Республикалық пән олимпиадасы: 1

Ғылыми жоба конкурстарының жүлдегерлері:

«Зерде» ғылыми жобасы: 2

Облыстық кезең: 10

Республикалық кезең: 1

Халықаралық ғылыми жоба конкурсы: 1

 

2016-2017 оқу жылы:

Түлек саны:  39

Мемлекеттік грант иегерлері: 37

Алтын Белгі иегерлері:  12

ҰБТ орташа балы: 111

ҰБТ ең жоғарғы балл көрсеткіші: 136

Облыстық пән олимпиадасы: 8

Республикалық пән олимпиадасы: 1

Ғылыми жоба конкурстарының жүлдегерлері:

«Зерде» ғылыми жобасы: 1

Облыстық кезең: 8

Республикалық кезең: 1

Халықаралық ғылыми жобалар конкурсы: 1

 

2017-2018 оқу жылы:

Түлек саны:  38

Мемлекеттік грант иегерлері: 37

Алтын Белгі иегерлері: 6

ҰБТ орташа балы: 105

ҰБТ ең жоғарғы балл көрсеткіші: 137

Облыстық пән олимпиадасы: 12

Республикалық пән олимпиадасы: 1

Ғылыми жоба конкурстарының жүлдегерлері:

«Зерде» ғылыми жобасы: 2

Облыстық кезең: 10

Республикалық кезең: 2

 

2017-2018 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында лицей оқушылары химия пәнінен АЛТЫН және математика пәнінен ҚОЛА медальға  ие болды!