Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені

Мектеп-кешені денсаулықты нығайтуға әсер ететін ұлттық мектептер жүйесіне енді. 2009 жылдың қарашасында ШҚО білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ Халықаралық ЕВРОТАЛАНТ-ФИДЖИП қауымдастығының мектептер жүйесіне енді (Франция).

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап  ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ-де француз тілін оқыту бойынша факультатив өткізілді. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР Бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ ағылшын, француз тілімен қатар 1 сыныптан бастап бірінші шет тілі ретінде оқу енгізіледі.

2019ж. 26 сәуірінен бастап мектеп-кешені педагогикалық ұжыммен бірге «Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясына» ұжымдық мүшелікті қорғады және «Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының» ұжымдық мүшелері болып табылады.

 

Мектеп түрі– мектеп кешені - балабақша

 

Директордың орынбасарлары:

Ермакова Анастасия Геннадьевна – директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

Кутовая Юлия Владимировна – директордың тәрбие ісі   жөніндегі орынбасары;

Әдіскер: Кутовая Юлия Владимировна.

Білім беру бағыты - дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-кешені.

Негізгі жұмыс бағыты: "Білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды енгізу және білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жағдайында дарынды сау тұлғаны дамыту".

Білім беру ісінің мазмұны:

Тақырыбы – "Білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды енгізу және білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жағдайында дарынды сау тұлғаны дамыту".

Мақсаты –білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ашуға ықпал ететін қолайлы, сапалы білім беру ортасын құру.

Міндеттері –

 1. Білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асыруға байланысты білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу үшін мектепті тиімді басқаруды жүзеге асыру, пәнаралық тәсілді ескере отырып, ғылыми-әдістемелік, инновациялық, эксперименттік қызмет негізінде ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы.

2. Табысты оқу және сабақтан тыс қызметті қамтамасыз ету мақсатында білім беру процесінің барлық субъектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы, кешенді қауіпсіздік шараларын жетілдіру бойынша ұйымдастыру-педагогикалық жағдай жасауға ықпал ету.

3. "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясын іске асыру мақсатында білім алушылардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесін өзектендіру, денсаулықты, дене дамуын, адамгершілік құндылықтар мен мінез-құлық нормаларын, маңызды тұлғааралық қатынастар жүйесін сақтауға және нығайтуға ықпал ететін білім беру қызметінің жеке нәтижелерін қалыптастыруға жағдай жасау.

Басымдығы -

1. Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдерді іске асыру саласындағы барлық педагогикалық ұжымның кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

2.Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту  практикасына жаңа тәсілдерді енгізу және оқу үдерісінде педагогтар мен оқушылар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету үшін топтық жұмыс нысандары мен түрлі деңгейлі тапсырмаларды тиімді пайдалану.

3.Білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің кері байланысын қамтамасыз ету, атап айтқанда: оқыту үдерісіндегі педагогтар, оқушылар, ата-аналар балалармен және педагогтармен өзара қарым-қатынаста, сондай-ақ кәсіптік желілік қоғамдастық шеңберінде кәсіптік даму үдерісінде мектеп ішінде, сондай-ақ әріптес мектептермен өзара қарым-қатынасты, сонымен қатар мұғалімдердің ынтымақтастығын күшейту.