Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі
Лицей тарихы
Қазақстан Республикасы алғашқы егемендік алған сәттен Қазақстан Республика Президенті Н.Назарбаев пен сол кездегі Түркия Республикасының 8-ші Президенті Тұрғыт Өзал арасындағы екі елдің 1992 жылы сәуір айындағы келісімінің нәтижесінде егеменді еліміздің білімді де білікті жастарын тәрбиелеп өсіруге үлкен бетбұрыс жасады. Сол жұмыстардың алғашқы қадамы -қазақ жерінде қазақ – түрік лицейлерінің ашылуы еді. 2017 жылы 1 ақпанда №30 облыс әкімінің қаулысымен лицейдің аты ШҚО білім басқармасының «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып ауыстырылды
Лицейде оқу төрт тілде : қазақ, ағылшын, орыс, түрік тілінде жүргізіледі.
Бағыты: Жаратылыстану-математикалық бағыт.
Директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары: Муратова Еркежан Кумаркановна
Директордың ағылшын тілін жөніндегі орынбасары: Анапиев Сунгат Кумарбекович
Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары: Джамбулова Салтанат Кумаргазиновна
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары : Аширметов Айбек Дадажанович
- Лицей 1993 жылы Қазақ – түрік лицейі атауымен ашылған
- 2017 жылы лицейі атауы “БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ” деп өзгертілді
- Мектептің типі - дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей
- Түрі – жалпы білім беретін орта мектеп
- Оқыту тілі – қазақша
- Оқыту бағыты- Жаратылыстану-математика
- Математикалық-жаратылыстану бағытындағы пәндер ағылшын тілінде оқытылады (алгебра, геометрия, физика, химия, информатика, биология)
- Лицейде білім берудің үштілділік тұғыры ұсталады.
Білім мен тәрбиенің сабақтастығындағы ерекшеліктер
1) БТС/білім тексеру сынағы/
2) Мұғалімдердің білім сынағы
3) Білім олимпиадаларына үздіксіз дайындық
4) КБО /Казақстан білім олимпиадалары/
5) PBL «Жас ғалымдар» сайысы
Лицейдің өзекті мәселесі:
«Дарынды оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің кешенді бағытында білім беру құрылымы мен мазмұнын жаңарту, оқыту технологияларын жетілдіру арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»
Мақсаты: Cапалы біліммен қамтамасыз ету және өзін-өзі толық іске кірістіре алатын функционалды, көп тілді меңгерген шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу
Міндеттері:
- Білім алуға жағдай туғызу: жаңа модификациядағы кабинеттер, жаңа форматтағы сабақтар, оқытудың жаңа технологиялары;
- Педагогтардың кәсіби өсуіне мүмкіндік туғызу,жоспарлы түрде біліктілік курс,семинар, байқауларға қатысу;
- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістері мен тәсілдерін қолдану;
- Тұлғаны әлеуметтендіру, негізгі әлеуметтік біліктерді меңгеру арқылы оны жылдам өзгеретін өмірге дайындау;
- Мұғалім мен оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру;
- Педагогикалық үрдісті басқаруды ақпараттандыру, электронды басқару жүйесін жетілдіру;
- Белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқушылардың танымдық әрекетін дамыту, жеке қасиеттерінжетілдіру, таңдау мүмкіндігін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
- Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады;
- Ұлтымыздың құндылықтарын сақтай білетін, қазіргі заманға сай сапалы біліммен қаруланған отансүйгіш азамат тәрбиеленеді;
- Жаңа технологияларды жетік меңгерген, шығармашыл, жан-жақты (креативті) мұғалімдер саны артады;
Жалпы лицей жетістіктері:
Соңғы 3 жылда пән олимпиадаларындағы біздің жетістіктеріміз
(облыстық, республикалық, халықаралық)
Алтын медаль саны – 42
Күміс медаль саны – 36
Қола медаль саны - 44
- 2016жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша «Үздік олимпиадалық команда-2016»номинациясында ІІ орын;
- 2017жылы қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысында көрсеткен үздік нәтижелері үшін«Ең үздік олимпиадалық мектеп-2017»номинациясымен марапатталды;
- 2018жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша «Үздік олимпиадалық команда-2018»номинациясында ІІ орын
- 2019жыл жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша «Үздік олимпиадалық команда-2019»номинациясында І орын