Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі

Мектеп мәртебесі:мамандандырылған.

Бағыты:жаратылыстану-математикалық.

Математика, биология, физиканы оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.

IT-құзыреттілікті қалыптастыру.

Оқыту және тәрбиелеу тілдері:қазақ тілі, орыс тілі

Іске асырылатын білім деңгейлері: мектепалды даярлық, бастауыш білім беру, негізгі жалпы білім беру, жалпы орта білім беру

Оқыту және тәрбиелеу тілдері:қазақ тілі, орыс тілі

 

Мектеп тарихы:

-1997 жылғы тамыз - № 28 орта мектеп базасында Д. Б. Эльконин–В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясын жүзеге асыру бойынша «Восток» дамыта оқыту өңірлік орталығының облыстық тәжірибелік-эксперименталдық алаңы құрылды;

-2000 жыл -үздіксіз білім беру жүйесінің республикалық ғылыми-зерттеу орталығын құру (ҚР БҒМ 09.10.2000 ж. № 970 бұйрығы);

-2005 жыл – «Восток» ДО АҒЗО «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы орталығы- мектеп-кешені («Восток» ДО ҒЗАО МК) болып өзгертілді және дарынды балалармен жұмыс мәртебесіне ие болды (Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 65 Қаулысы).)

-2018 жыл – ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған «Восток» ДО ҒЗАО МК» КММ «Облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейі» болып өзгертілді (Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 26.07.2018ж. «ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған «Восток» ДО ҒЗАО МК» КММ қайта ұйымдастыру туралы № 231 қаулысы). 

 

Эксперименттік және зерттеу қызметінің ғылыми жетекшілері

информатика-Денисова Н. Ф., физика-математика ғылымдарының кандидаты Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ)

ағылшын тілі-Чжан Е.Е., педагогика ғылымдарының кандидаты (С.Аманжолов атындағы ШҚМУ) Д. А. Маткаримова (С.Аманжолов атындағы ШҚМУ магистрі)

орыс тілі - Абдуллина Л. И., С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры

Мектеп қызметінің мақсаты:мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын меңгеру сапасын қамтамасыз ету, оқушыларға базалық сандық және техникалық дағдыларды меңгерту, олардың инженерлік және IT-мамандықтар саласында кәсіби білімді саналы түрде жалғастыруға дайындықтарын қамтамасыз ету.

Қызметтің басымдықтары:

- қабілетті және дарынды балалармен жұмыс. Бұл оқушылардың жеке білім беру бағыттары, оқушылардың білімі мен іскерлігін тереңдету мен байытуды қамтамасыз ететін қолданбалы курстар, аймақтың жоғары оқу орындары оқытушыларының сабақтары мен кеңестері, жобалық және зерттеу жұмыстары;

- үш тілді білім беру, математика, физика және биологияны оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Біздің оқушылар үшін шет тілі коммуникация құралы ғана емес, сонымен қатар, арнайы білім әлеміне жұмылдыру құралы ретінде де әрекет етеді. Пәндік білімнің үйлесуі мен шет тілін меңгеру жиынтығында оқушылардың өздігінен білім алуы мен өзін-өзі дамытуын одан әрі ынталандырады;

  • ІТ-құзыреттілікті қалыптастыру. Робототехника, мехатроника, бағдарламалау негіздері, лего-конструкциялау, 3D-үлгілеу негіздері, Web-дизайн, мультимедиялық журналистика, с# және т.б. бағдарламалау бойынша қолданбалы курстарды жүзеге асыру, IT-құзыреттілікті қалыптастыруды, робот жасау және оларды бағдарламалау негіздерін меңгеруді, инженерия, электроника және т. б. қамтамасыз етеді.

Мектеп оқушыларының жетістіктері:

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын игерудегі жоғары көрсеткіштер;

соңғы үш жылда халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі зияткерлік, шығармашылық және спорттық конкурстар мен жарыстарда 1200-ден астам жеңіс;

оқушылардың облыстық және республикалық ғылыми жобалар, зерттеу және шығармашылық жұмыстар конкурстарындағы жеңістері;

қысқа уақыт ішінде оқушылар робототехника, бағдарламалау және 3D-үлгілеу бойынша аймақтық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда маңызды және елеулі нәтижелерге қол жеткізді.

Соңғы екі жылда жоғары сынып оқушылары START UP-жобаларды әзірлеу және іске асыру аясында ШҚО әкімі Д. Ахметовтың 8 000 000 теңгеден астам сомадағы гранттарын ұтып алды.

 

Мектеп мұғалімдері арасында – Бутурлина Тамара Сергеевна «Жыл мұғалімі – 2018» атағының иегері, көптеген педагогтар «Жыл мұғалімі» республикалық байқауы облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

мұғалімдердің 93% -халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі көптеген кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Ұжымның үштен бірі-жас педагогтардың тәлімгерлері, облыс мектептері педагогтарына арналған курстардың дәріскерлері, білім беру ресурстары мен әдістемелік материалдардың авторлары мен әзірлеушілері.

Мектеп-лицей педагогикалық ұжымының әрбір екінші мүшесі өз тәжірибесін қандай да бір бағытта көрсете алады.