Жиі қойылатын сұрақтар
Мердігер құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға, олардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жобалық және техникалық талаптарды сақтауға жауап береді.
Авторлық қадағалау — жобаны әзірлеген ұйымның құрылыс барысында жобалық шешімдердің дұрыс орындалуын бақылауы. Ол жобаның өзгерістерсіз сақталуын қамтамасыз етеді. Мысал: Құрылыс кезінде жобада көрсетілген бетон маркасының орнына басқа материал қолданылса — авторлық қадағалау оны анықтайды. Егер құрылыс барысында тапсырыс беруші өзгеріс енгізгісі келді. Авторлық қадағалау өзгерісті тексеріп, жобалаушы келісімінен кейін ғана рұқсат берді.
Техникалық қадағалау — құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын, жобалық шешімдерге және құрылыс нормаларына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыратын тұлға. Ол мердігердің жұмысына тәуелсіз бақылау жүргізеді.
Детальдық жоспарлау жобасы (ДЖЖ) — бас жоспар негізінде белгілі бір аумақты нақты жоспарлайтын қала құрылысы құжаты.
Бас жоспар — елді мекеннің аумағын дамыту, құрылыс салуды, инфрақұрылымды және аймақтарды үйлесімді жоспарлау жөніндегі негізгі қала құрылысы құжаты.
Жобалық құжаттама — бұл құрылыс объектісін салу үшін әзірленетін архитектуралық, инженерлік және техникалық шешімдер жиынтығы. Оның құрамына эскиздік жоба, жұмыс жобасы, инженерлік есептер, смета кіреді.
Орындаушы құжаттама — бұл құрылыс барысында орындалған жұмыстардың сапасы, көлемі және техникалық талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар жиынтығы. Оған актілер, атқарушы сызбалар, журналдар және техникалық есептер кіреді.
Ұсыныстар жолаушылар ағыны мен инфрақұрылымға қарай қаралып, тиісті шешім қабылданады.
Бұл жайттардың алдын алу үшін тұрақты нұсқаулық беріліп, анықталған әр бұзушылық бойынша шара қабылданады.
Жаңадан аялдамалар орнату жұмыстары жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен іске асырылады
Жергілікті атқарушы органға жүгіну қажет, аялдамаларды орнату бюджет жоспарлау кезінде қарастырылады.