Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің "М. Ломоносов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Миссиясы:

«Білім беру жүйесінде электронды платформаларды және озық инновациялық технологияларды  қолдану  арқылы бәсекеге қабілетті кәсіби құзыреттілігі дамыған тұлға қалыптастыру» 

 

Мақсаты: "Мұғалім мен оқушының құзыреттілік деңгейінің даму мүмкіндіктерін зерттеу арқылы оқыту және оқу сапасын арттыру." 

 

Нәтижесі:

Соңғы 5 жыл ішінде 2 оқушы «Алтын белгі» иегері

2020-2021 оқу жылында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай І халықаралық «I Genius - 2021» тақырыбында ғылыми жоба қорғау сайысында 3 оқушы жүлделі орынға ие болды.

Мектеп түлектерінің 50% ЖОО, 40% колледжге  мемлекеттік грантқа түсті.

23 мұғалімнің жұмыстары «Ұстаз шапағаты» республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналында жарық көрді.

Мектеп Аблакет ауылдық округі әкімінің атынан Алғыс хатпен марапатталды.

Мектепте 40,3% оқушылар аудандық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба қорғау сайыстарының,зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздары жүлдегерлері болды. Мектеп мұғалімдері аудандық, облыстық, республикалық түрлі педагогикалық сайыстардың жеңімпаздары болды. Мектепте 4 мұғалім педагог-зерттеуші, 5 мұғалім педагог-сарапшы, 12 мұғалім педагог-модератор санаттарын алды.