Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің "Қанай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Миссия:
Қазіргі заман талаптарына сәйкес білім деңгейін қамтамасыз ете отырып, бәсекеге қабілетті саналы ұрпақ тәрбиелеу.
. Мақсаты:
- Оқушылардың даму динамикасын байқайтын, әр оқытудың кезеңінде біліктіліктің деңгейін белгілейтін диагностикалық жүйесін арттыру.
- Педагогикалық үрдіске қатысушылардың шығармашылық және кәсіби дамуын жетілдіру.
- Ақпараттық технологиялар негізінде жаңа білім беру ортасын әрі қарай дамуын ұйымдастыру.
Нәтижесі:
Мектеп түлектерінің 2019-2020-2021оқу жылының түлектерінің 86 % (12 оқушы) ЖОО грантында оқиды;
Мектеп оқушылары аудандық пәндер олимпиадасының, облыстық, республикалық,халықаралық олимпиадаларының жүлдегерлері;
2018-2019,2019-2020,2020-2021 оқу жылдарында аймақтық, аудандық семинарлар ұйымдастырып өткізді;
Мектеп мұғалімдері аудандық,облыстық,республикалық,халықаралық түрлі педагогикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындар мен сертификаттар иеленді. Ұжымда 4 мұғалім -педагог- зерттеуші,7 мұғалім - педагог- сарапшы, 1 мұғалім – педагог – модератор санаттарын алды.